Б. Сапарбаев ДВД ішкі істер департаменті

You are here

Бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен облыстық ішкі істер департаментінде 2015 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған жиын өтті. Жыл есебін департамент басшысы Мақсұтхан Аблазимов баяндады. Күштік құрылымдар қызметкерлерінің басын қосқан жиынға  Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті бастығының орынбасары Рахметжан Досанов қатысты.

Былтыр Ақтөбе облысы бойынша 17 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның арасында, ауыр және аса ауыр түрлерімен өзге де заңсыз әрекеттер бар. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың қортындысы туралы баяндаған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов, 10 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам қылмыстың тіркелгенін жеткізді. бірақ, заңсыз әрекеттерді дер кезінде ашу деректерінің де көбей түскенін айтты.   

МАХСУДХАН АБЛАЗИМОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫ

Ұрлық-қарлық пен тонау деректері де көбейген. Қалаларда пәтер тонау ал ауылдық жерлерде мал ұрлығы жиі орын алған. Осы тектес заңбюұзушылықтардың жиі теркелуі және қылмыстың бетін ашу көрсеткішінің төмендігі, криминалдық полиция басшылығына сын болды. Бүгінгі жиын барысында, саладағы кемшіліктер айтылып, қызметкерлерінің әлсіз жұмысы сынға алынды.

БАҒЛАНБЕК ҚҰРМАНАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІІД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Бұдан өзге, жасөспірімдер арасындағы заңбұзушылық, есірткі заттарымен байланысты қылмыс және қоғамдық тәіртіпті сақтауға қатысты көптеген деректер келітіріліп, талдау жұмыстарының нәтижесі айтылды. Сондай-ақ, діни экстремизммен байланысты ахуалда баяндалды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, бұл ретте тәртіпсақшылары жат ағымның жетегінде жүрген азаматтардың әрқайсысымен тиісті жұмыстар жүргізілуі керектігін баса айтты. Барлық ішкі істер органдарының бөлімшелері жергілікті билікпен де жұмыс істеу қажет деді. Ең бастысы, халықтың құқыққорғау жүйесіне деген сенімін арттыру керек екенін айтты.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиынды қортындылаған облыс әкімі, қылмыстық алдын-алу және онымен күрес жөнінде барлық бөлімшелер бірлесе жұмыс істеу керектігін нақты тапсырды. Өз кезегінде атқарушы орган тарапынан да қолдаулар болатынын атап өтті.

Қосылды: 
27.01.2016 - 14:06
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 09:42

Жаңалықтар таспасы