Б. Сапарбаев емхана № 3, Қазақ Түрік Лицей

You are here

Cенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше әлеуметтік мекемелерді аралап көрді. Қысқы спорт түрлерін дамытуға арналған жасөсіпірмдер мектебі, Кірпіштідегі шаңғы базасы, көп жылдардан бері жөндеу көрмеген көне мектеп облыс басшысының назарына ілікті. Ол білім ұяларында және медицина ошағында ұжыммен кездесті. Қаланың жөндеусіз жатқан көшелерін де барып көріп, өткен ғасырда салынған көпірлерді, жолдарды жөндеуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдымен Ақжар және Қарғалы ауылдық округі арасын жалғайтын 80-ші жылдары салынған  көпірге барды. Соңғы 5 жылда жөндеу көрмеген 448 шақырымдық өткел алдағы уақытта ретке келтіріледі. Шұрық тесік жерлер тек көпірде ғана емес, қаладағы көше жолдарында да кездеседі. Тайбеков, Оспанов, 101 атқыштар бригадасы және Гришин көшелерінің кедір-бұдырын көрген өңір басшысы жуық арада жөндеуді тапсырды.

Ақтөбеде кенжелеп қалған қысқы спорт түрлерін дамыту - басты мақсат. Бүгінде облыс орталығында балаларды шаңғы мен хоккей ойындарына баулитын жалғыз мектеп бар. Ашылғанына 5 жылдан асты. Бердібек Сапарбаев спорт нысанына арнайылап барып, материалдық-техникалық базасымен танысты. Балалармен сөйлесіп, жетістіктерін білді. Дегенмен облыс әкімінің бұл мектептің басшылығына көңілі толмады. Ол қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланбай отыр деп сынады. Ал өңір басшысы болған Кірпішті ауылындағы шаңғы базасы мүлдем ескірген. Ғимараты тарлық етіп тұр. Бердібек Сапарбаев 25 жыл ішінде ешқандай жұмыстардың жүргізілмегеніне алаңдаушылық білдірді. Облыс әкімі барған келесі нысан - 11-ші ақшам ауданда енді ғана іргетасы қаланбақшы хоккей модулі. Ақтөбелік жеткіншектерді хоккейге баулуды көздейтін кешенді салуды ақтөбелік кәсіпкерлер жауапкершілігіне алып отыр. Нақтырақ айтқанда  "КТП" серіктестігі мен ағайынды Щегельскийлер қолға алмақ.

Бұл салынатын нысан хоккей кешені екенін сырты келбетінен көрініп тұруы керек. Яғни, хоккейдің нышандары айшықталуы тиіс. Жоба жасалғанда осыны ескеріңдер. Содан соң, Мемлекет пен жеке меншік серіктестік аясында салынатын спорт кешенін мүмкіндігінше жергілікті құрылыс материалдарынан тұрғызу қажет.

2014 жылы ел игілігіне берілген 12-ші ықшам аудандағы №3 қалалық емхана бүгінде 56 708 тұрғынға қызмет етеді. Осы заманға озық құрылғылармен жабдықталған емдеу мекемесі "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында бой көтерген. Емхананың жұмыс барысымен танысқан әкім бөлмелерді көріп, қызметкерлермен жүздесті.

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі - білім саласы. Қалада үш ауысымды оқыту жүйесін жою өзекті мәселе. Сондай ғимараттардың бірі №15 орта мектепте тозған, пайдаланылмайтын шеберхананың орнына жанама құрылыс салу жоспарланған. Бірақ, мұны көрген облыс әкімі қосымша құрылыстың тиімді екеніне күмән келтірді. Өйткені, мектеп 1939 жылы салынған. Ескі ғимараттың құлап қалмасына ешкім кепілдік бере алмайды, - деді әкім. Ол осы жолы қазақ-түрік лицейіне де барды. Оқу бөлмелері мен балалардың жатын және тамақтану орнындарын көріп, оң бағасын берді.

 

 

Қосылды: 
14.03.2016 - 11:12
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:16

Жаңалықтар таспасы