Б. Сапарбаев Еуразиялық топ А. Машкевич, А. Қазтаев меморандумға қол қойды.

You are here

"Еуразиялық топ" Ақтөбе облысында әлеуметтік саланы дамытуға екі миллион теңгеге жуық қаражат бөлмек. Осы туралы облыс әкімдігі мен Еуразиялық топ арасындағы әріптестік меморандумында айтылды. Бұл құжатқа бүгін Еуразиялық топтың басқарма төрағасы Алдияр Қазтаев пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қол қойды.

"Еуразиялық топ" пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы бұл бірінші мәміле емес. Осыған дейін де әлеуметтік мәселелерді шешуге екі жақты серіктестікті байланыстар арқау болып келеді. Мәселен, өткен желтоқсан айында болған кездесу кезінде облыс әкімі мен компания басшылығы жергілікті тауар өндірушілерді және отандық өнімді қолдау туралы келіскен болатын. Ақтөбе және Хромтау қалаларында шағын және орта бизнеске көмек көрсету, сондай-ақ 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік туралы бағдарлама түзу жөнінде мәселелер қаралды.  "Еуразиялық топ" пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы бұл бірінші мәміле емес. Осыған дейін де әлеуметтік мәселелерді шешуге екі жақты серіктестікті байланыстар арқау болып келеді. Мәселен, өткен желтоқсан айында болған кездесу кезінде облыс әкімі мен компания басшылығы жергілікті тауар өндірушілерді және отандық өнімді қолдау туралы келіскен болатын. Ақтөбе және Хромтау қалаларында шағын және орта бизнеске көмек көрсету, сондай-ақ 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік туралы бағдарлама түзу жөнінде мәселелер қаралды.  

АЛЕКСАНДР МАШКЕВИЧ, ERG ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Еуразиялық топ Ақтөбе өңірінің әлеуметтік мәселелерін шешуге үлес қосып келеді. Компания Елбасының "Нұрлы жол- болашаққа бастар жол жолдауында қойылған міндеттерді орындауды мақсат етеді. Ақтөбе және Павлодарда әкімдікпен және кәсіподақтармен жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемін арттыру туралы үш жақты меморандумдарға қол қойылды. Соңғы бес жылда Қазақстандағы Еуразиялық топтың барлық кәсіпорындары қызметкерлердің әлеуметтік қамтылуына, демеушілік пен қайырымдылық мақсатқа 103 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады.

Айта кету керек, соңғы төрт жылда Ақтөбе облысының дамуына "Еуразиялық топ" шамамен 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бағыттады. Оның ішінде 340 миллион теңге Хромтау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруға жұмсалды. Өткен жылмен салыстырғанда компания облыстың әлеуметтік саласын дамытуға екі есе қаражат бөліп отыр. Бұл бір миллиард жеті жүз миллион теңгені құрайды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өзара серіктестікті бұдан әрі нығайтуға арналған жоспарды бекіту мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Еуразиялық топтың басқарма  төрағасы Алдияр Қазтаев меморандумға қол қойды.

 

Жаңалықтар таспасы