Б. Сапарбаев: еңбек кадрларын нақты сұранысқа сүйене отыра даярлау қажет

You are here

Күннің екінші жартысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбе политехникалық колледжіне барды.

АПК Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе обысындағы 2015-2019 жылдары индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша нысандары үшін жұмысшы кадрларын кәсіби даярлауға бағытталған Қазақстан Республикасындағы 10 колледждің қатарында.

Мейман қосарлы оқыту жүйесінің элементтері енгізілген жұмысшы кадрлерін даярлау бағдарламасымен, колледжде және өндірісте жаңа бағдарлама бойынша өндірістік тәжірибеден өту жағдайымен, ортаңғы буындағы жұмысшы кадрлері мен мамандарды сапалы даярлауға мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған материалдық базамен танысты. Колледж 10 жылдан астам уақыт бойы қысқа мерзімді және кәсіби оқытуды ұйымдастырумен айналысады, жыл сайын 1500 жұмысшы мен мамандарды оқыта отыра өңірдегі ірі компаниялармен жұмыс жасайды.

- Кадрларды нақты сұранысқа қарай даярлау қажет, бұл үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, колледждермен және ата-аналармен келісімшартқа отыру керек. Қосарлы білім беруді екінші курстан бастап-ақ енгізіп, студенттер оқу уақытының 60-70 пайызын өндірісте өткізулерітиіс, төртінші курста ол қайда және қандай ұжыммен еңбек ететінін біліп, дайын маман болып шыға келеді, - деді облыс әкімі Бердыбек Сапарбаев.

Кейін, Тамара Дүйсенова Ақтөбеде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында ашылған психоневрологиялық ауруға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және аналар мен балаларға арналған дағдарыс орталығының қызметімен танысты.

Өңірде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан оңалтып, бейімдеу үшін жағдай жасалуда. Алаңы 1000 шаршы метр болатын орталықта 123 маман мүгедек балаларды қабылдап, олардың жаңа орын мен ұжымдағы өмірге бейімделуіне белсенді түрде көмектесетін болады, сонымен қатар оларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету орталығы 100 орынға арналған.

Мұнда мүгедек балаларды емдеу-алдын алу мекемелерінің қатысуымен диспансерлеу, емдеу, ауруханаға жатқызу бойынша жағдайлар жасалатын болады. Сонымен қатар, жаңа орталықта мүгедек балалармен түзету-дамыту және еңбекке баулу жұмыстары жүргізілмек, қызмет көрсету мен күтіп-баптаудың сапасын арттыру, мүгедек балаларға қызмет көрсетудің

жұмыстары мен әдістерінің тәжірибесіне алдыңғы қатарлы түрлерін енгізу бойынша іс-шарлар өткізіледі.

Осы орталықтың ашылуымен көршілес өңірлердегі арнайы интернаттарда ем алуларына тура келген балалар Ақтөбеге қайта оралуларына мүмкіндік туды.

Бұдан соң, министр 200 орындық балалар мен аналарға арналған дағдарыс орталығын қарап шықты. Мұндағы әлеуметтік-психологиялық оңалту бөлімінде 60 маман қызмет етеді. Стационарлық баспанада психологиялық-физикалық зәбір көрген әйелдер, ата-анасы мен жақындарын жоғалтқан жандар, мүгедектер, жалғыз басты аналар, балалар үйінің түлектері, өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірім қыздар өздерінің барлық мәселелерін шешіп алғанша 1-6 ай тұра алады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы