Б. Сапарбаев жұмыс сапармен Мәртөк ауданында болды


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудандарға жұмыс сапары жалғасуда. Кеше, облыс басшысы мәртөк ауданында болып, елді-мекендер мен өңір орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудандағы мал шаруашылығы және кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайларын білді. Адан орталығында өткен жиын барысында мәртөктіктердің түрлі сауалдарына жауап беріп, аудан басшылығына мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін кеңінен пайдалану арқылы жұмыс орындарын құруды тапсырды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Жуырда 80 жылдығын атап өткен Мәртөк ауданын облыс әкімі елді-мекендерді аралаудан бастады. Алдымен, Сарыжар селолық округінің Хлебодар ауылындағы орта мектепте болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Мыңнан астам оқушысы бар білім ұясы қажетті жабдықтармен қамтылған. 170-тен астам мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған шағын орталық та жұмыс істейді. Облыс әкімі мұнда, оқу бағдарламасымен танысып, бірнеше сыныпта болды.  

Ауылдағы өзге де әлеуметтік нысандар облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. 63 бала тәрбиелеп отырған жергілікті балабақша мен 2014 жылы пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияны аралады. Медициналық мекеме аудандағы үш жаңа нысанның бірі. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған амбулатория күніне 40 адамға дейін қабылдап, қызмет көрсете алады. Дәрігерлері мен медбикелері де жеткілікті. Ауданның Жайсаң ауылына барған облыс әкімі алдымен, мұндағы арнайы білім беру ұйымында болды. 100-ден астам тәрбиеленушісі бар мемкеме, мемлекеттік және  түрлі ұйымдардың қолдауына ие. Бұдан өзге, "Шапағат" балабақшасын барып көрді. Жергілікті клубта ауыл тұрғындарымен кездесті.

ОБлыс әкімі Ресеймен шектесетін аумақтағы кеден бекетіндегі жұмыспен танысты. Күніне жүздеген көліктерді өткізіп рәсімдейтін бекетте соңғы жылдары жұмыс қыза түскен. Облыс басшысы, жолаушылармен де сөйлесіп, өзекті мәселелерін білді. Ал, кеден аумағындағы сақтандыру компанияларының жұмысын бақылау жөнінде аудан басшылығына тапсырма берді. 

Ал, аудан көлемінде орналасқан "АЙС" ЖШС-нің сүт фермасында болған облыс әкімі, шаруашылықта болып аралап көрді. Германия және Бельгиядан әкелінген голштейн фриз тұқымды сүтті сиырлардың әрқайсысы күніне 20-25 литрден сүт береді. Қазір мұнда 1800 бас мал бар. Оның 800-і сауынды сиыр. Мұндағы мамандардың айтуынша, қазір тәулігіне 20 тоннаға дейін сүт алынып отыр.  

- Мына шөп түұрлері осы малдарға арналған. Құнарлы. Біз бұны өзіміз егеміз. Сүттің құнарлы болуына да септігі мол. 

Бүгінде сүт өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарып, тұтынушыларға ұсынып отырған отандық тауар өндіруші, облыс әкіміне алдағы жоспарларын да айтып берді. Серіктестік келешекте, дәл осы маңда тағы бір сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр.

"АЙС" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

- 1280 бас сауынды сиырларға арналған сүт фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін суармалы жерлердің де аумағы үлкейетін болады. Сол кезде, сүт өнімдерінің түрлері де көбейетін болады. Дайын өнімнің 50 пайызын РЕсейге экспорттайтын боламыз. Жобаның жалпы құны 9 млрд теңгені құрайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, серіктестіктің мұндай жоспарларын құптайтынын айтты. Сондай-ақ, жұмыс орындарын көбейтуді де назарда ұстау керек деді. Ал, әзірге сүт өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарып отырған шаруашылық басшылығына, оның саны көбейту туралы ойналу қажеттігін айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Беларусь Республикасында болған сапарымда осындай сүт фермасында болдым. Дәл осындай өңдеумен айналысады. Бір ерекшелігі, сүт өнімдерінің 240 сүтін шығарады. Ал, бізде елімізде әрі кеткен 70 түрі ғана шығарылады. Сондықтан да ойлану қажет. Өнім түрі көбейген сайын, тұтынушылар да көбейеді.

Бүгінгі күні серіктестік малға қажетті жем-шөп жинап жатыр. Жылдағы әдетке сай, биыл да 600 гектардан астам алқапқа, жүгері мен судан шөбі егілген. Негізінен суармалы жерлер пайдаланылып келеді. Мал өсіріп, ел халқын сүт өнімдерімен қамтып отырған ірі шаруашылық биыл Бизнестің жол картасы 2020 мемлекеттік бағдарламасының да көмегін көрген. 6 шақырымға созылған су құбыры мен электр желісі тартылыпты. Облыс әкімі, бағдарлама мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланған серіктестік жұмысын құптарлық іс деді және өзге шаруашылықтардың мемлекет ұсынған көмекті пайдалану керектігін айтты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды да аралады. Мәртөк тері өңдеу цехында болып, шығарылатын өнім түрлерін көрді. Сондай-ақ, аудандық аурухана мен "Достық үйінде" болды. Ұларалық келісім мен ауызбіршілікті нығайту тақырыбына арналған іс-шараларды жиі өткізу жөнінде тапсырма берді. Бұдан өзге, екі бірдей мектеп пен балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған техникалық орталықтың жұмысымен танысты. Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында көптеген нысандарды аралаған облыс әкімі кешқұрым, өңір орталығында мемлекеттік орган қызметкерлері мен тұрлі ұйым өкілдері және тұрғындар қатысқан жиын өткізді. Бердібек Сапарбаев, облыстағы экономикалық ахуалға тоқталып, жыл аяғына дейін тұрақты өсімді сақтау керектігін айтты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында, аудан әкімі Нұржауған Қалауов өткен сегіз айдың қортындысы туралы баяндама жасап, әр саладағы жетістіктер мен кейбір өзекті мәселелерді баяндады.

НҰРЖАУҒАН ҚАЛАУОВ, МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі сауда орындағы тауарлардың бағасына қатысты да айтып, өзімізде өндірілетін өнім бағасының негізсіз өсіміне жол бермеу керек деді. Ол үшін бақылау жұмыстарын жүргізу қажет екеніне тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында аудан тұрғындары облыс әкіміне өз сауалдарын қойып, жауап алды. Сұрақтар негізінен әлеуметтік мәселе мен кәсіпкерлік саласы және көгілдір отынмен қамту төңірегінде болды.

Жиын барысында облыс әкімі, аудандағы құқыбұзушылықтың алдын алу жөнінде тапсырма берді. Ол үшін тек полиция қызметкеорлеріә ғана емес, қоғамдық ұйымдар да ат салысуы қажет деді. Ал, аудан басшылығына шаруа қожалықтарына мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен насихаттап, жұмыс орындарын құруды тапсырды. Сондай-ақ Ақтөбенің азық-түлік белдеуін қалыптастыруға ауданның да үлес қосуы қажет деді. Бұдан өзге, Ресеймен шегаралас аумақтармен жұмысты одан әрі жандандырып, олардан сатып алу емес, керісінше сату керектігін ескертті.

Қосылды: 
30.10.2015 - 15:04
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 09:48