Б. Сапарбаев жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды

You are here

Мұғалжар ауданында жұмыс сапарымен болған облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші цехын іске қосуға байланысты жұмыстармен танысты. Өндіріс алдағы 2016 жылы іске қосылады. Сондай-ақ, мұнда облыс басшысы мұнайшылармен кездесу өткізді. Әлемдік дағдарыстың салдары, мұнай бағасына қатысты ахуал төңірегінде әңгіме қозғалды. 

Облыс әкімінің мұнайшылармен кездесуі барысында, энергетикалық қауіпсіздік, жұмыс орындарын сақтау және мұнай өндірудіә азайтпау туралы мәселелелер көтерілді. Жұма күні, Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының әкімпі Бердібек Сапарбаев, өңірдегі ірі мұнай газ өндірумен айналысатын кәсіпорындарда да болды. "Қазақойл - Ақтөбе" компаниясының жұмысымен танысып, Әлібекмола және Қожасай кен орындарында болды. Серіктестік, қара алтын мен көгілдір отын өндірумен және энергетикалық қазба байлықтарды қайта өңдеумен айналысады. Осыдан екі жыл бұрын кәсіпорын, газ өңдеу цехын іске қосқан. Нәтижесінде 158 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, компанияның өзінде бүгінгі күні 450 жұмысшы еңбек етуде. Серіктестік басшылығы өкілдерінің айтуынша мұнай бағасы қанша төмендесе де еңбеккерлердің саны ешқашан төмендеген емес. Қайта керісінше, олар үшін барлық жағдай жасалуда. Сервистік компаниялармен де әріптестік қарым қатынас орнап келеді. Мұнда болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, әлеуметтік жобаларды көптеп іске асырудың маңыздылығына тоқталды. 

Сондай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, СНПС "Ақтөбемұнайгаз" АҚ өндірістік кәсіпорындарында болды. Ірі компанияға қарасты Жанажол кен орнында мұнай жәнге газ өндіру мен өңдеу жөнінде үлкен кешен жұмыс істейді. Мұнда да жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Вахталық әдіс бойынша еңбек ететіндер, мұндағы қонақ үй мен спорттық нысандарды және мәдениет үйінің қызметін де пайдалана алады. Кәсіпорын құрамында өзге де ұйымдар қосалқы жұмыстарды атқарады. Солардың бірі - мыңға жуық арнайы техникалары бар Ақтөбе көлік компаниясында облыс әкімі болып, жұмысымен танысты. Бұдан басқа, акционерлік қоғамдағы өндірісті энергиямен қамтамассыз ететін шағын компаниялар да бар.  Кәсіпорын жұмысымен танысқан облыс басшысы мұндағы жұмысшылармен кездесіп, олардың түрлі сауалдарына жауап берді. Ал, СНПС "Ақтөбемұнайгаз" АҚ басшылығына қазақстандық және қытайлық еңбеккерлердің жалақысы бірдей болу керектігін айтып, тапсырма берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жағдай барлығына бірдей жасалуы қажет. Тамақтануы, тасымалдау, осында тұру жалақысы барлығы бір деңгейде болу қажет. Қазақстандық жұмысшыға да, қытайлық маманға да бірдей болуы маңызды. 

Облыс әкімі, Жаңажол мұнайгазөңдеу зауытында да болды. Бүгінгі күні кәсіпорынның екі кезеңі толық қуатында жұмыс істеп тұр. Ал, үшіншісін қосу кейінге қалдырылған. бірақ, зауыт басшылығының мәлімдеуінше, келер жылы іске қосылатын болады. Ол үшін барлық мүмкіндік бар дейді.  

Саланың даму жоспарлары ірі мұнай газ компанияларының басшыларының қатысуымен өткен жиын барысында айтылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, әлемдік дағдарыс пен мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, өнім өндіру қарқынын төмендетпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, бұл саладав қызмет ететін шағын және орта бизнесті қолдап, экоспорттық әлеуетті арттырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, газ өндіруді ұлғайту қажеттігін ескертті. Себебі, алдағы уақытта бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында көлік құралдарын көгілдір отынға ауыстыру туралы жоспардың барын айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында сөз сөйлеген СНПС Ақтөбемұнайгаз АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь облыс басшылығы тарапынан әрдайым қолдаудың барын атап өтті. Алайда, әлемде мұнай бағасының төмендеуі көмірсутегін өндіруге әсер етпей қоймағанын тілге тиек етті. Бірақ, қазір ешқандай жұмыс орындарын қысқарту туралы жоспардың жоқтығын жеткізді.     

ВАН  ЦЗЮНЬЖЭНЬ, "СНПС - АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

Бүгінгі күні компанияда 6,5 мың адам жұмыс істейді. Қытайлық мамандардың саны 120-ға төмендеді. Алайда жұмысшылар санын қысқартқан емеспіз. Қазақстандық мазмұнды арттыруға бас көңіл бөліп келеміз. Ал, мұнай өндірудің төмендеуі, әлемдік нарықпен байланысты.

Жиында баяндама жасаған Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов, аудан көлемінде жұмыс істейтін ірі компаниялардың жергілікті билікпен тығыз жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, дағдарысқа байланысты қолданылмай тұрған нысандарды мемлекетке беру қажет.

СЕРІК  ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, мұнай газ компанияларының жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, жаңа инновациялық технологияларды енгізіп, жұмыс орындарын сақтау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, облыс басшысы ірі кәсірорындардың ісін, түрлі мемлекеттік органдардың тексеруі азайатынын, ал облыс әкімшілігі әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті

Жаңалықтар таспасы