Б. Сапарбаев жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болды

You are here


Ақтөбе облысы әкімінің аудандарға сапары басталды. Кеше, Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болды. Алдымен, өңірге қарасты бірнеше ауылдардың әлеуметтік нысандары мен шаруашылық құрылымдарын аралап, жергілікті тұрғындармен де кездесті. Кейін, аудан орталығындағы ірі өндіріс ошақтарында болып, қазіргі жағдайдағы жұмыс барысымен танысты. Ал, кеншілер мәдениет үйінде өткен жиын барысында, елдің, облыстың бүгінгі жәй-күйі жөнінде баяндап, экономикалық дағдарыстан қысылмай шығу үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.

Ақтөбе облысындағы ең ірі өндірістік ауданды облыс әкімі, елді-мекендерді аралаумен бастады. Алдымен, Ақжар ауылына аялдап мұндағы әлеуметтік нысандарда болды. Жергілікті мектепке келген Бердібек Сапарбаев, білім ұясының тыныс - тіршілігімен танысты. Бірнеше сыныпта болып, мектеп мұғалімдері және оқушылармен сөйлесті. Облыс әкімі мектептің асханасы мен спорт залында да болып, мектептің қазіргі жағдайына қатысты бірқатар сын ескертпелер айтты. Әсіресе, 1967 жылы салынған ғимараттың жөндеу жұмыстарын қажет етеіп отырғанын айтты. Ауласы мен ойын алаңына қатысты да өз ойын ашық айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, жас ұрпақ тәрбиеленетін мектептің әрдайым таза әрі көрікті болуы керек екенін айтып, аудан және ауыл әкіміне бұл істі үнемі бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Ол үшін бюджетке қарамай, ауыл тұрғындары немесе бұрыңғы түлектермен тығыз байланыс орнату қажет деп баса айтты. ауылдағы амбулаторяға келген облыс әкімі алдымен, мұндағы дәірігерлермен жүздесті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

12 орындық амбулатория, жергілікті тұрғындарға қажетті медициналық көмек көрсетіп келеді. Сапламатты қазақстан бағдарламасына сай көптеген іс-шараларды қолға алған. Бұдан кейін облыс әкімі ауылдың тыныс- тіршілігімен жақын танысу үшін бірқатар нысанды жаяу аралады. Дүкендердің біріне соғып, мұндағы халықтың қаншалықты азық-түлікпен қамтылып отырғанын білді. Белгілі болғандай бұл ауылға нан қаладан жеткізіледі. бағасы 60 теңге, Ал, Хромтаудан тек ұн ғана әкелінеді. 

Облыс әкімі жергілікті тұрғындармен кездесуді де жөн санап, жергілікті мәдениет үйінде болдыв. Олардың тұрмыстық жағдайын біліп кейбір сауалдарына жауап берді. Жиналғандардың біразы, әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайдың ауылдықтардың өміріне қаншалықты әсері болатынын білгісі келді. Облыс әкімі, уақытқа сай әрекет етіп, жұмыстану керектігін жеткізді.

Ақжардың қасындағы Жазық ауылының жағдайы жаман емес. Елді мекен ішінде астық өңдеп, арпа-бидай сақтайтын қойма мен элеватор бар. Бұдан бөлек, "АқжарАгро" деп аталатын серіктестіктің ауыл іргесінде егіні өсіп тұр. Осындай шаруашылықтар ауыфлдықтарды да жұмыспен қамтып келеді. Дегенмен, мәселе де жоқ емес. Ауылда не көгілдір отын, не жүретін жөні түзу жол жоқ. Ал аудан әкімі ауылға ешқашан ат ізін салмаған. "Жазық" тұрғындары облыс әкімімен кездескен кезде ондай өзекті мәселелердің бәрін айтып, жауап алды.

Облыс ә"кімі аудан аумағындағы "Молочные истроий" ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығында да болды. 6400 ге аналық ірі қараға арналған кешендегі қора - қопсыны көріп, мал басын асылдандыру және көбейту туралы жоспарларын білді. 13млрд теңге жұмсап, мал шаруашылығы кластерін дамытуды ойластырған серіктестік, келер жылдан бастап, Алғадағы ет өңдеу комбинатының толық қуатында жұмыс істейтінін айтып сендірді. Сол кезде, жылына 7200 тн өт өңделіп, оның жартысы экспортқа жөнелтілмек. Облыс әкімі серіктестік басшылығына, Қопа аулының тұрғындарымен де бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Қорада мал санын көріп қана қоймай, қарапайым жұмысшы, малшылармен де сөйлесті.

Облыс басшщысыі, Қопа ауылындағы бірнеше әлеуметтік нысандарда да болды. Жергілікті мектепке соққан облыс әкімі, алдымен, жылыту қазандығының қысқа дайындығын білді. Кейін мектеп ішіңн аралап, информатика, технология пәндері кабинеттерін аралап көрді. Мектеп айналасын таза ұстап, қоршаулар қапталу керектігін айтты. Ал мәдениет үйінде болған кезде, мұндағы қызметкерлерге жергілікті тұрғындармен неғұрлым көбірек байланыс орнатуды тапсырды. Әсіресе, патриоттық тұрғыдағы іс-шараларға көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Ал, аудандағы ең ірі өндіріс орны Дөң тау-кен байыту комбинатына келген  келген облыс әкімі, кәсіпорынның қазіргі жұмыс барысымен танысып, өнім өткізудегі жоспарларын білді. Белгілі болғандай комбинат әлемдік дағдарысқа қарамастан ешқандай жұмысшыларды қысқартпай, олардың жалақысын уақытында төлеп отырн. 700-ден астам жұмысшысы бар кәсіпорын, жылына 1 млн тоннадан астам хром өндіреді. Өнімдері, шетелге де шығарылып жатыр.

МАРАЛ БЕКЕЕВ, "ДӨҢ" ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Айта кету керек,  кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де сақтап келеді. қазіргі күні кәсіпорын іргесіндегі Оңғар ауылына газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін облыс басшысы, бірқатар шағын және орта бизнес құрылымдарының жұмысымен танысты. Нан, макарон өнімдерін шығаратын серіктестікте болып, олардың ісіне көңілі толды.  Ал, орталық аурухада болған кезінде медициналық соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен танысып, ейін, кеншілер мәдениет үйінде аудан тұрғындары қатысқан үлкен жиын өтті. Негізінен, тұрмыстық және әлеуметтік тұрғыдағы сұрақтар қойылды 

ҚАРАУЫЛ НҰРҚАСЫНОВ, АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Кездесуге жиналған тұрғындар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен аудан жәіне ауылдық округ әкімдеріәне қатысты сын-пікірлерін де білдірді. Әсіресе, балағат сөздер айтып, қол жұмсауға дейін баратын басшылардың бюар екенін айтты. Сонң ішінде, Көктөбе ауылының әкімі, жергілікті халыққа қолдау көрсетудің орнына, кейбірімен сөзге келіп төбелеске дейін барған.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, кез-келген әкімнің ең бірінші міндеті халықпен жақын болу керектігін баса айтты. Тек, кабинетте отыра бермей, тұрғындармен жиі кездесіп, тыныс-тіршілігін күн сайын бақылау қажет деді. Бұл елдің гүлденуіне басты кепіл екенін айтты.

Қосылды: 
24.09.2015 - 17:23
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:16

Жаңалықтар таспасы