Б. Сапарбаев Индонезия елшісімен кездесті

You are here

ОБЛЫС ӘКІМІ Б.САПАРБАЕВ ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

          Ақтөбенің экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлар тарту мүмкіндіктерін кеңейту керек. Бұл мәселе бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Индонезияның Қазақстандағы елшісі Фостер Гултоммен кездесуінде талқыланды. Кездесу барысында елші автокөлік дөңгелектерін шығарытын зауыт құрылысын салуға ниетті ұсыныс айтты. Осыған дейін Қарағанды және Шымкент қалаларында салынуы жоспарланған зауыт құрылысы қаржы тапшылығына байланысты қолдау таппаған. Бұл жобаны қолдау туралы облыс әкімі кәсіпкерлер палатасына тапсырма берді. Сондай-ақ елшінің Ақтөбеде еттен және ұннан жасалатын өнімдер шығару туралы ұсынысы да қаралатын болды. Ақтөбеде құрылған индустриялық аймақтың мүмкіндіктері де елшіні қызықтырды. Бұл да бізде инвестор тартуға қолайлы жағдай туғызатыны анық. Кездесу барысында мәдениет саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары да талқыланды. Мәселен, халықтар достығын қалыптастыру үшін Индонезия күндерін Ақтөбеде өткізуге болады деген бастамалар да қолдау тапты. Кездесу соңында елшіге естелік сый-сияпат көрсетілді. Айта кету керек, елшінің біздің өңірге сапары екі күнге жоспарланған. Ертең Фостер Гултом Құдаберген Жұбанов университетіне барып, Индонезияда оқуға ынталы студенттерге арнайы ұсыныс жасамақ. 

Қосылды: 
18.02.2016 - 00:00
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 17:43

Жаңалықтар таспасы