Б. Сапарбаев Каспий плюс заводы Гүлшара Әбдіқалықова

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бүгін өзінің жұмыс сапары аясында өндіріс орындары да аралады. Ол қазақстанның индустрияландыру картасына енген каспий плюс зауытына барды. Өнімнің 400 түрін шығаратын зауыт - 100 пайыз отандық өндірісші. Зауыт жылына мың тоннадай металл өңдесе, 10 мыңнан аса бекіткіш бұйымдар дайындайды. Негізгі өнім қазақстанның ішкі нарығына шығарылады.

«Каспий Плюс» кәсіпорны 8 жыл бұрын жұмысын бастады. Шағын гаражда бастапқы кезде жергілікті шахталар үшін  бекіту құралдарын жасап жүрді. Бара-бара компанияның әлеуеті артып, бүгінде өңірдегі ірі мұнай, газ компанияларының тапсырыстарын орындайды. Қайта өңдеу саласындағы қазақстандағы алдыңғы зауыттардың біріне айналды десек, артық емес.  Автослесарь мамандығын меңгерген Ерболат Орынбаев осы зауытта  жұмыс тауып, екі жылдан бері слесарь болып еңбек етеді.  Оның негізгі міндеті металл кесінділерін әзірлеу. Оның жұмыс станогы автоматтандырылған, өнімнің сапасын сандық бағдарлама  арқылы тексереді.

ЕРБОЛАТ ОРЫНБАЕВ, СЛЕСАРЬ

Шикізатты зауыт ресей мен еліміздің басқа аймақтарынан алады. Алға қойған мақсаттардың бірі  инновациялық технологияларды енгізу арқылы ішкі нарықты импорталмастырумен қамтамасыз ету дейді зауыт басшылығы. Компания сонымен бірге  өңірдегі ірі өнідіріс орындарының тапсырыстарын орындайды. Өткен жылы 1,7 миллиард теңгенің өнімін дайындады. Өнім сапасы сандық бағдарлама арқылы тексеріледі. Автоматтандырылған станок күрделілігі әр түрлі метал бұйымдарын өңдейді. Зауыт өнімдері  өндіріс, машинақұрастыру, кеме жасау салаларында кеңінен қолданылады. Гүлшара Әбдіқалықова мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа зауыт жұмысшылары жаңа станоктың жұмысын көрсетті.

Металл өңдеу саласында бәсекелестікті арттырып, шетелдік өнімді отандық тауармен алмастыруда алдыңғы қатарлы қондырығылар алынды,  мамандар отқытылды. Жұмысшылардың орташа айлығы 200 мың теңге. 30 шақты жұмыс орыны ашылды.

САНЖАР ЖАБАЕВ, ИНЖЕНЕР

Каспи плюске мемлекет тарапынан да қолдау бар.Индустриаландыру аймағында  компанияның  жаңа зауыты салынбақшы.  Кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несие алды. Елбасы өз жолдауларында экономиканың қайта өңдеу секторын дамытудың маңызыдылығы жайында айтқан болатын.  Бұл зауыттың да ұстанымы осы. Сапалы өнім шығаратын осындай жергілікті кәсіпорындар ерте ме кеш пе шетелдің балама өнімдерінің орнын басады дейді зауыттың басшылығы.

Қосылды: 
27.01.2016 - 12:07
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 09:52