Б. Сапарбаев КРМУ студенттер мен професор кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақ-орыс халықаралық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Ол әлемдік білім кеңістігінде бәсекелестік орнаған осы кезеңде уақыт ағымына сай  білім беру - басты талап екенін атап өтті. Ал, үздік тәжірибелерді өзге де оқу орындарына тарту өз алдына маңызды. Бұл кездесуде шәкіртақы төлеу, мемлекеттік грант бөлу және түлектерді жұмысқа орналастыру туралы әңгіме өрбіді.

Қазақ-орыс халықаралық универсиеті еліміздегі беделді жоғарғы оқу орындарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ашылған білім ошағына 1998 жылы Елбасымыздың қолынан "халықаралық дәрежедегі университет" атағын алды. Оқу ордасының басшылығы облыс әкіміне зертханаларды, ғылыми - зерттеу орталықтары мен сауықтыру технологиялар паркін, кітапхана және мұражайды көрсетті. Облыс әкімі оқытушылар құрамы және студенттермен кездесіп, емін -жарқын әңгіме құрды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Университет, Ресейден өзге АҚШ және европаның бірнеше елдеріндегі беделді оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатқан. Нәтижесінде, шәкірттерге берілетін білім сапасы арттыруға арналған ғылыми орталықтар құрылып келеді. Бұл ретте, психологиялық кабинеттердің де алар орны ерекше. Білімге құштарлығын арттырып қана қоймай, тәртібін де бақылауға мүмкіндік береді.    

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Университет оқу орнындағы студенттер емханасын, алдағы уақытта мемлекет пен жеке меншік әріптестігі аясында тұрғындарға қызмет көрсетуге бермек. Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, шағын медициналық орталықтың жұмысы жүзеге асып жатса, мамандар стандартқа сәйкестігін тексеруі тиіс деді. Сөз кезегі өздеріне тигенде ұстаздар қауымы, білім сапасын одан әрі жетілдіруге қатысты, өздерінің жоспарларын айтып, ұсыныс тілектерін жеткізді.

ЕРБОЛ АЛДАНОВ, ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу барысында, облыс әкімі оқу орны басшылығының студенттерді өндіріс орындарында мейлінше тәжірибеден өткізу туралы ұсынысын қолдап, қазір осы мәселеге орай тиісті шаралар қолға алынғанын жеткізді. Ал, қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жарық көріп үлгермей қалған ғалымдардың шығармаларына қатысты мәселеге "тарихымызды ұлықтау, әрі қарай жалғаса береді" деп жауап қатты. Облыс әкімі студенттердің шәкіртақыға, мемлекеттік грант бөлуге қатысты сауалдарына да жауап берді.   

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу барысында, университет ұжымы облыс әкіміне білім ұясының жоғарғы құрметті белгісі Алтын Қыранды табыс етті. Оқу орнының қазіргі жағдайына оң баға берген облыс басшысы, жиын соңында алда келе жатқан сайлауға белсене қатысуға шақырды. Жалпы, мұндай кездесулердің басты мақсаты - оқу орындары мен білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылау. Бұл туралы жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов айтып өтті.

 

Қосылды: 
08.02.2016 - 11:48
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 14:33