Б. Сапарбаев Көлік коммуникация және жаңа техналогия жұмысшы даярлау

Ел экономикасы тұрақты әрі қарқынды дамыған сайын, жұмысшы мамандарға сұраныс көп. Ақтөбелік оқу орындары бұл қажеттілікті қамтуға ұмтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.  Облыс басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасын көріп, білім сапасын білді. Бүгінгі күні мұнда, 15 мамандық бойынша үш мыңнан астам оқушы білім алуда.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, жұмысшы мамандарын дайындайтын өңірдегі ежелгі оқу орындарының бірі. Негізінен теміржол саласына қажетті кадрлар даярлайтын білім ордасы, еліміздің батысындағы жол тораптарын қамтып келеді. Бүгін колледжде болған облыс әкіміне білім ұясының басшылығы оқу бағдарламасындағы өзіндік ерекшеліктерін айтып, материалдық-техникалық базасын көрсетті. Облыс басшысы, мұндай мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану арқылы мамандар дайындаудың сапалық құрамын арттыру қажет деді. Себебі, биылдың өзінде бірқатар бағыттағы жол құрылыстары басталмақ.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

80 жылдан астам тарихы бар оқу орнының деңгейі жаман емес. Жыл сайын бітірген түлектерінің 70 пайыздан астамы тұрақты жұмыспен қамтылуда. Сондай-ақ, 15 мамандықтың үшеуі дуальді оқыту жүйесіне енгізілгелі бері, еңбекке орналастыру ісі қалыпты жүруде. Алайда, бұл мақсаттағы жұмысты жандандыру міндеті тұр. 

ЖЕҢІСГҮЛ МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА, АҚТӨБЕ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Колледж ұстаздары мен оқушылары және ата-аналар қауымымен кездескен облыс әкімі, олардың сұрақтарына да жауап берді. Сауалдар, негізінен білім ұясының мүмкіндігін арттыру және түлектерді еңбекпен қамту тұрғысында болды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Оқу орнының маңыздылығын атап өткен облыс әкімі, талапкерлерді колледжге шақыру тек мектеп түлектері арасында ғана емес, 7- 8 сынып оқушыларына да насихатталуы керек деді. Себебі, теміржол мен көлік жолдарын салу әлі де қарқын алмақ. Қазірдің өзінде, еліміз бұл тұрғыдағы жобаларды іске асыруда алдыңғы лекте келеді.

 

Қосылды: 
18.02.2016 - 10:36
Соңғы өзгерiстер: 
05.09.2016 - 14:13