Б. Сапарбаев көпбалалы отбасылардың балаларына арналған ертеңгілекке қатысты

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Мега Ақтөбе" ойын-сауық орталығында өткен жаңажылдық ертеңгілікке қатысты. Бұл жерде көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналып жаңажылдық бағдарлама ұйымдастырылған болатын.

Мерекеге жиналған елу бала облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге шыршаны айнала ән шырқады.Облыс басшысы өзінің құттықтау сөзінде, Елбасының тапсырмасына сай әрбір балаға қуаныш сыйлау міндет екендігін атап өтті.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шырша мерекесінде балалардың көңілін ертегі кейіпкерлері де көтеріп, сайқымазақтар күлкіге қарық қылды. Дәстүр бойынша ертеңгілікке келген әрбір балаға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұндай мерекенің балалар есінде ұзақ сақталары анық.

Ойын-сауық орталығы басшылығының мәлімдеуінше, мұндай жаңа жылдық шырша мерекесі "Мега Ақтөбе" орталығында үшінші қаңтарға дейін жалғасады. Ертеңгілік қонақтарына сыйлықтары таратылып, әртүрлі байқаулар өткізу жоспарланған. 

 

Қосылды: 
31.12.2015 - 15:51
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 10:59