Б. Сапарбаев Медакадемия дәрігерлермен кездесті

You are here

Ақтөбе облысында 94 дәрігер жетіспейді. Бұл жетпесті Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті толықтыруға дайын. Ал, дәрігерлердің әдебі мен тәртібі бұдан былай облыс басшылығының назарынан тыс қалмайды. Университет студенттері, оқытушылық-профессорлық құрам және емдеу мекемелерінің басшыларымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осындай мәлімдеме жасады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың медицина қызметкерлерін даярлайтын Батыстағы маңдайалды оқу орнымен танысуы Марат Оспановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Тұңғыш спикердің рухына тағзым еткен облыс басшысы университет ректоры Ербол Бекмұхамбетов пен бірге медициналық университет жанындағы музейлерді түгел аралап, облыс медицинасынының кешегісі және бүгінгісімен, ғылыми тәжірибелері туралы көрнекі ақпараттарға қанықты. Құрылғанына 57 жыл болған білім шаңырағынның күні бүгінге дейінгі жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.

ЕРБОЛ БЕКМҰХАМБЕТОВ, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

Біздің университет еліміздің батыстағы бес облысының қажетіне жарайтын дәрігерлерді даярлайды. Жаңа жатақхананы іске қосқан уақытта оқу орнының жалпы аумағы 100 мың шаршы метрге жетеді. 5 мыңдай студентіміз бар. 45 адамның доктор-профессор сияқты ғылыми атағы бар. Болашақ бағдарламасы бойынша алғашқылардың қатарында 25 қызметкеріміз алыс шетелдерде біліктілектерін шыңдап келді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та жиналғандарға келгендегі мақсатын түсіндіріп, студенттер мен олардың ата аналары, оқытушыларды ашық әңгімеге шақырды. Өйткені, халықтың наразылығы бағытталатын да, елдің жиі баратыны да осы медициналық сала. Сондықтан да, дәрігер баласы ең алдымен мәдениеттілікті бойына сіңіріп, халыққа сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Облыс басшысы мысал ретінде, жуырда ғана Ырғыздан ауырып жетіп, Ақтөбедегі бес бірдей аурухана әуре сарсаңға салып, ақыры емдеу мекемесінде көз жұмған жас келіншектің тағдырына байланысты өткір сын айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Енді бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, кінәлі мамандар қатаң жазаланады. Тіпті, қызметтерімен қош айтысулары да мүмкін. Кездесу барысында болашақ дәрігерлердің тәртібі мен тәрбиесі турасында облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері де есеп берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

РАХЫМЖАН АРЫСТАН, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстанның медицинасы жаңа белеске шыққандығы анық. Енді ауыр сырқаттардың өзі алыстағы Корей, Израиль елдеріне сабылмай, отандық емханаларда толық ем алады. Облыс басшысы өз сөзінде Ақтөбеде медициналық туризимді дамытуға болатындығын атап өтті. Елбасының басшылығымен барлық мүмкндікке ие болған медициналық саладан да енді қайтарым күтіледі. Ол - қарапайым халыққа сапалы қызмет көрсету.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Студенттер жазғы демалыста өңірдің өркендеуіне ат салысуы тиіс, - деді облыс басшысы. Әсіресе, қаладағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстауда еріктілердің көмегі ауадай қажет.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесуді түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев университет басшылығының жұмысының нәтижелеріне оң бағасын берді.

 

Қосылды: 
19.01.2016 - 10:24
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 10:53

Жаңалықтар таспасы