Б. Сапарбаев медицина саласы қызметкерлерімен кездесті

Ақтөбе облысындағы медицина саласының қазіргі жағдайы мен болашағы, бүгін облыс әкімінің дәрігерлер қауымымен кездесуінде айтылды. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, медицинаның дамуына мемлекет  барлық жағдайдың жасап отырғанын айтып, ақ халатты абзал жандардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

Облыс әкімінің дәрігерлер қауымымен кездесуі облыстық аурухананың мәжіліс залында өтті. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, алдымен медицинаның қазіргі даму көрсеткіштеріне тоқталды. Бұл салада көптеген оң өзгерістердің барын айтып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету қалыпты жолға қойылғанын айтып өтті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе облысында соңғы бес жылда "100 аурухана, 100 мектеп" бағдарламасы бойынша 52 медициналық нысан салынған. Ал, биыл аяқталатын "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында 600-ге жуық қондырғылар алыныпты. Облыс әкімінің айтуынша, бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі де жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 150 млрд теңге жұмсалған. Нәтижесінде, дәрігерлердің біліктілігін арттыру ісі де қарқынды жүруде. Тек осы облыстық ауруханының 40-қа жуық дәрігері шетелдерде тәжірибелерден өткен. 

САМАТ ДАНИЯРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Кездесу барысында, медицина саласының қызметкерлері облыс әкіміне түрлі сұрақтарын да қойды. Сауалдар негізінен денсаулық сақтау саласының жағдайы, ана мен бала денсаулығын жақсарту жөніндегі зерттеу жұмыстары, дәрі-дәрмектермен қамту жайында болды. Сондай-ақ, дәрігерлердің этикасына қатысты да айтылды.

НАМАЗ ІЗІМБЕРГЕНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

САҒЫНҒАЛИ ТАЖЕНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі медицина саласына әрдайым көңіл бөлінетінін жеткізді. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты, емдеу мекемелерін газбен жылыту жүйесіне ауыстырып, өзге де шығындарын азайту қажеттігін атап өтті. Ал, мамандар даярлау ісі жалғаса беретінін айтты. Соның ішінде, жергілікті медициналық университеттің мүмкіндігін пайдалану керек деді. Жас мамандарды қолдау, олардың ауылдық жерлерге тарту аудан ауыл әкімдерінің міндеті екенін баса айтты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін оңтайлы шешуде, кейбір ұйымдардың ісін жандардыру қажет деді. Бұл ретте, лизензиялауға қатысты істі қалыпты жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсырма берді. Ал, экстро карпаральді ұрықтандыру әдісін жолға қой мәселесі келер жылы толық шешіледі деді.

Қосылды: 
23.12.2015 - 11:13
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:32