Б. Сапарбаев мүгедектер күніне орай ұйымдастырлған шараға қатысты

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету парызымыз. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, алда келе жатқан мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған шара барысында айтты. Облыс басшысы, мүгедек жандардың көрме жұмысына қатысып, олардың өмірін жақсартуға барша қоғам болып ат салысуымыз керек деді.

Көрме жұмысы 10 қазанда аталып өтетін мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Мұнда қойылған бұйымдардың кейбірі жоғары талғаммен жасалған. Көрмені аралаған Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, кейбір тұрмыстық заттар мен киім-кишектердің жасалу технологиясын сұрап білді.

Көрмеге негізінен мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын ұйымдардың өнімдері қойылған. Арасында, мемлекеттік тапсырыс аясында бұйымдар жасап, табыс тауып отырғандары да бар. Облыс әкімі, ондай қызмет ұсынушылардың жұмысы туралы да сұрап білді. Ал, алдағы мерекеге орай өзінің жылы лебізін білдірген облыс басшысы, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту  - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 20 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың мың жарымы 14 жасқа дейінгі балалар. Мереке қарсаңында мүгедектер қоғамы мен өзге де ұйым өкілдерімен дастархан басында жүздескен облыс әкімі, жарым жандардың басты мәселелеріне қатысты да айтып өтті. Бердібек Сапарбаев, еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мемлекеттен өзге, кәсіпкерлік саласы да қомақты ұүлес қосу керек деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі шараны қаладағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы да аша түсті. Ән шырқалып, би биленді. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Құбайдолла Бітіков тағдырдың тәлкегіне тап болған азаматтарға тек мереке қарсаңында ғана емес, мемлекет тарапынан үнемі қамқорлық көрсетіліп отырғанына тоқталды.

ҚҰБАЙДОЛЛА БІТІКОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Алдағы мереке қарсаңында мүгедектер қоғамының өкілдері жиналысын өткізіп, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Сондай-ақ, енді бұдан бұлай әрбір мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетінше көмек беру керектігі айтылды.

Қосылды: 
09.10.2015 - 18:18
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:07