Б. Сапарбаев Мұғалжар ауданында жұмыс сапарымен барды.

Шетелдік компаниялар әлеуметтік жауапкершіліктен жалтармауы керек. Жергілікті халықтың жағдайын жасауға мүдделі. Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Осы кезге дейін басшы тұрмақ оның қосшыларының табаны тимеген Алтынды кен орнында болды. Жер асты шахтасына түсіп, қазылып жатқан қазынаны өз көзімен көрді. Ауылдарды аралап, тұрғындардың тұрмысын білді. Өтініш, тілектерін мұқият тыңдады.

Бұл жерден жарты ғасыр бұрын алтын табылған. Алғашында ашық әдіспен өндірілді. 2003 жылдан қазына жер астынан алынады. Облыс әкімі бердібек сапарбаев жер қабатын 500 метр терең тескен кеншілерге барып, жұмысын көрді. Жағдайларына қанықты.

Бұл жерден жылына 400 тонна руда өндіріледі. Таза алтын Ресейде дайындалады. 800 адам жұмыста. Дені жергілікті халық. Бердібек Машбекұлы кеншілердің жатақханасын аралады. Асханасына барып, жатын орындарын көрді. Жағдайдың жаман еместігіне көз жеткізді. Тек жұмыс жасау керек. Кен орнын пайдаланып отырған Ресейлік компания Алтынды ауылына мектеп, балабақша салып берген. Тағы бір жаңа ғимарат ашылғалы тұр. Мұнда дүкен ашылады. Жергілікті тұрғындардың спортпен шұғылданып, әсемдік салонына баруларына жағдай жасалады. Әлеуметтік нысан инвесторлардың Алтындыға жасаған тартуы. Алтынның үстінде отырған ауыл халқының ендігі көксегені көгілдір отын. 

Облыс басшысы кейін Құндызды кен орнына келді. Бұл жерде болашақта мыс өндірілмек. Екі жылдан бері мердігер компания жердің беткі қабатын тазартып жатыр.  Жоспар бойынша 2016 жылдың соңына дейін мысқа жетуі тиіс. Сол жерде Бердібек Машбекұлы ауыл әкіміне кен орнынан шығып жатқан суды суармалы бау-бақшаға пайдалану керектігін айтты. Әкім Эмба қаласындағы жаңа мектептің ашылуына қатысты. Жаңа ғимарат 320 орындық. Бұрынғы №1 апатты мектептің орнына салынған. Мұндағы жаңа технология, жаңа өмір балалардың болашағы үшін.

Сабина Бермағанбетова, Оқушы

90 жылдары тақырға отырған Жем қаласы жандана бастады. 3 жыл бұрын көгілдір отын кіріп күре тамырына қан жүгірді.  Бұл жолы тұрғындарға ауыз су жетті. Облыс әкімі осы қуаныштың куәсі болды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кейін облыс басшысы Жем орта мектебін аралады. Қарашаңырақ күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Қабырға мен ескірген еденнен бұрын тозығы жеткен тақта мен  парталар Бердібек Машбекұлын терең ойға түсірді. Бұл мәселелер Қандағаш қаласында өткен аудан активінде де көтерілді. Мұғалжарда 70 мыңға жуық халық тұрады. Көпшілігі мұнай саласында еңбек етеді. Өкінішке орай, өз бетімен кәсіп етемін дегендер аз. Аудандағы ауылшаруашылығының алға баспай тұрғандығының бір себебі осы. Жұмыссыздар бар мұндада. Бірақ, екі қолға бір күрек таппай отырғандардың дені 40-50 мың теңгенің жалақысын місе тұтпайтындардың есебінен. Басты мәселе бұл емес. Теріс діни ағымдардың етек алуы.

Ауыл адамы дін туралы айтады

Аудан бойынша ҰБТ көрсеткіші 86 пайыз. Десекте, 4 орта мектеп әлі күнге дейін оқулықпен толық қамтылмапты. Ал, 5 мектептің ғимараты дайын емес. Оқушылар әр жерде оқып жүр. Жергілікті тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шет елдік компаниялар әлеуметтік жауапкершіліктен жалтармауы керек деді. Қандағаш қаласынан қоныс аударған СНПС Ақтөбе мұнай газдың кеңселері бос тұр. Бұл ғимараттар халықтың игіліген берілуі керектігін ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жұрынға көгілдір отын керек деген мәселе көтерді тұрғындар. Аудан орталығында спорт-сауықтыру орталығы жоқ екен. Бердібек Сапарбаев құзырлы орын басшыларына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектің бағасын бақылауда ұстау керектігін тапсырды. Бірінші аудан аралық, сосын қаларалық жолдарды жасау жоспары түзіледі. Бастысы бірлік керек. Қара бастың қамын күйттемей, ел болудың қамын ойлау керектігін айтты.

Бастысы, әкімдер халыққа жақын болуы керек. Ауылдың тұрмысын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру басты мақсат. Жалақыны қысқартпай, жұмыс орындарын сақтап қалуға, шет елдік инвесторлар мен қоян-қолтық жұмыс жасау керек деген қорытынды жасады. 

 

 

 

Қосылды: 
21.10.2015 - 10:59
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 11:12