Б. Сапарбаев Мұғалжар ауданы әкімінің есебі

You are here

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында соңғы он бір жылда тек он бір көшеге асфальт жамылғысы төселген. Ал, ауданда азық-түлік бағасы күн санап өсіп барады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан басшысы Серік Шаңғұтовтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде өңірдегі олқылықтарға байланысты бірқатар сын-ескертпелерін айтты.

Мұғалжар ауданы үш қаланы, ондаған елді мекенді біріктіріп отырған өндірістік өңір. Мұнай мен газдың қоры мол және ауданның басты тіршілігі де осы салаға байланған. Оның үстіне тоғыз жолдың торабына орналасқан артықшылығы тағы бар. Аудан әкімі өз есебін негізгі жетістіктерден бастады. Олардың ең бастысы, қоғамдық-саяси тұрақтылық.

СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыл шаруашылығы саласына тоқталып, азық-түлік қауіпсізідігіне байланысты сөз қозғалғанда аудандағы мал басының есебі келтірілді. Сыбағадан басқа бағдарламаларды толық орындап, төрт түліктің санын көбейттік деген аудан әкімінің мәліметтеріне облыс басшысы нақты мысалдары арқылы түзету енгізді.

СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аудан бойынша 44 мыңдай ірі қара, 130 мың қой және он бір мыңнан аса жылқы бар. Бірақ, оларды сойып, ет өнімдерін өңдеу Мұғалжар өңірінде жолға қойылмаған. Соның салдарынан қарапайым ет пен сүттің, нанның бағасын да тізгіндеу мүмкін болмай отыр. Жергілікті өнім болмағандықтан, өндірісті аудан кәсіпкерлердің құбылмалы бағасына тәуелді. Ауданда, ең болмағанда мал соятын кішігірім цех та жоқ.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Есептегі сапырылысқан сандардың өзіндегі мәліметпен қиыспаған тұстарында облыс әкімі аудан басшысының сөзін бөліп, әр мәселені жіктеп отырды. Мәселен, әкімдіктің жауапты мамандары нан бағасының қымбаттауының себебін түсіндіре алған жоқ. Көкөністің бағасын тежеп, қыстық қорды сақтайтын, маусымдық қиыншылықтан құтқаратын тұрақтандыру қоры жасақталмаған. Ал, шағын және орта бизнестің шаруасының шатқаяқтап кеткендігі аудан кірісіне де кері әсерін тигізген. Жұмыссыздар саны көбейген.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімінің айтуынша, Мұғалжар ауданында жол картасы бойынша мемлекет қолдау жасайтын бір де бір жоба ұсынылмаған. Шағын несие алуға да жергіліктің халықтың ынтасы жоқ. Бұл да болса аудан басшылығы тарапынан насихат пен ұйымдастырушылықтың төмендігін көрсетеді. Ал, Қандыағаш қаласында асфальт төселген көшелердің аздығы мен Қайыңды ауылының жарықсыз отырғандығына байланысты облыс әкімі аудан басшысын сынға алды.

СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен жылы Мұғалжар ауданында бірде бір әлеуметтік нысан салынбаған. Клубы жоқ, спорт алаңы мен басқа да нысандарға мұқтаж ауылдар көп. Тіпті, өзге өңірлерде кең қолданыстағы жекеменшік балабақшалар бұл ауданда мүлдем жоқ. Ал, ресми баяндама аяқталған соң тұрғындардың сауалдары кем-кетіктің бетін аша түсті. Мәселен, аудан орталығының бір бөлігінде канализация жүйесінің болмауы алғашқы қиындықтардың қатарында аталды.

ҚУАНДЫҚ ХАКІМОВ, ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Зейнеткерлер Ақтөбе-Астрахань жолының құрылысының басталу мерзімін сұрап, денсаулық сақтау мәселелері де сөз болды. Мектеп пен жаяу жүргіншілер жолының жеткіліксіздігі де облыс әкіміне құлаққағыс етілді. Ал, ауданнан көшкен мұнай компанияларының бос ғимараттарын кәдеге жаратып, сауықтыру орталығын ашу туралы да ұсыныстар айтылды.

МАРЖАНГҮЛ ЫҒЫЛМАНОВА, ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасының тапсырмасы бойынша өңірлерде жұмыс орындарын қысқартпай, жалақыны уақытылы берудің негізгі міндет екендігін атап өтті. Жылына 2,5 миллион тонна мұнай өндіріп, 4,5 миллиард текше метр газ шығаратын Мұғалжар өңірінде бұл өзекті мәселе . Демек, шикізатқа тәуелділіктен арылып, кәсіптің өзге салаларын дамыту күн тәртібінен түспеуі тиіс. Әр тиынды үнемдеп, бизнесті дамытуға күш салу әр басшының парызы. Демек, бұрынғы құрғақ сөзден нақты іске көшетін уақыт жеткендігін облыс басшысы қатаң ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыл шаруашылығын өркендету үшін суармалы жерлер, шабындықтарды тиімді пайдалану керектігін облыс әкімі мұғалжарлықтардың есіне салды. Бердібек Сапарбаевтың тапсырмаларының қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ерекше орын алады. Алдымен сүт пен ет өңдеу жолға қойылмаса, қымбатшылықтың алдын алу мүмкін емес деді облыс әкімі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, алдағы уақытта барлық аудан әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін ай сайын облыс әкіміне тапсыруға міндеттеледі. Аудандарда салынған әлеуметтік нысандардың саны, кәсіпкерлікке көмек тәрізді маңызды қадамдар арқылы әкімдердің беделі мен біліктілігі өлшенеді.

Қосылды: 
03.02.2016 - 17:01
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 10:08

Жаңалықтар таспасы