Б. Сапарбаев Наурыз мейрамымен құттықтады

You are here

 Ұлыстың ұлы күні Ақтөбеде кең көлемде аталып өтті. Ең үлкен мерекелік шара Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев атындағы орталық саябақта ұйымдастырылды. Мұнда тігілген ақшаңқан киіз үйлер қала тұрғындары мен қонақтарын күтіп, дастарханға жайғастырды. Ал, сахна төрінде өнер көрсеткен ақтөбелік және еліміздің өзге өңірлерінен келген өнерпаздардың мерекелік концерті, келушілердің көңілін көтерді. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, барша ақтөбеліктерді Наурыз мейрамымен құттықтады.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы орталық саябақ бүгін ерекше күйге енді. Қоғамдық орынға қарама-қарсы бетке қаз-қатар тігілген киіз үйлер, ел тәуелсіздігінің мерейлі жылымен әспеттелген. Саябақта ұлттық ән-күй шырқалып, мерекелік шараға жиналған ақтөбеліктерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Облыс орталығындағы ұйымдастырылған ең үлкен бағдарламаны облыс әкімі де келіп көрді. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, алдымен, киіз үйлерінде болып, наурыз мейрамына жиналған тұрғындармен, аға буын өкілдерімен қол алысып амандасып, мерекелерімен құттықтады. Кейін, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы мен Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың ұйымдастыруымен өткен "Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" атты театрландырылған көріністі тамашалады. Қойылым наурыз мейрамының мән-маңызын бейнеледі. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, Наурыз қашанда жаңашылдықтың бастауы болғанын айтып, биылғы жыл еліміз үшін жаңа кезеңдерге бастайды деді. Жуырда өткен сайлау науқаны саяси, экономикалық қарыштауға кепілдік екенін атап өтті. Сондықтан да Наурыз мейрамында, жақсылықтан үміттен орын деді.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көктемнің алғашқы айында күллі күншығыс жұрты  жаңа жылды қарсы алады. Наурыз - бұл ренжіскен адамдардың бір-бірімен татуласыуына, достасуына жол ашады. Барша ұлттар мен ұлыстар арасындағы ауызбіршілікке үндейді. Бүгінгі мейрам барысында да ақтөбеліктер бір-бірлеріне ізгі тілейтерін арнады.

Айәта кету керек, Наурыз мейрамын ақтөбеліктер тыңғылықты дайындалған. Қаладағы ірі және шағын кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелер киіз үйлер тігіп, ішін ұлттық ас түрлеріне толтырды. Әр шаңырақта келген қонақтарға наурыз көжеден дәм татқызды. Ән шырқап, ұлыстың ұлы күнінде жылы лебіздерін білдіріп жатты. Облыс әкімі де бірнеше киіз үйге бас сұқты. Сондай-ақ, мерекелік бағдарлама барысында, ақтөбелік өнерпаздардан басқа, еліміздің өзге өңірлерінен келген әншілер де өнер көрсетті. Домбыра, қобыз тартылып, ұлттық әндер шырқалды.

Жаңалықтар таспасы