Б. Сапарбаев нақты тапсырмалар берді

You are here


Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен жедел кеңес өткізіліп, оған облыстық басқарма, аумақтық  департаменттер, құқық қорғау органдары, оқу орындары, кәсіпорындар және мекемелер басшылары шақырылды. Негізгі бағыттар бойынша  басшылардың есептерін тыңдаған облыс әкімі  нақты тапсырмалар берді. ВИДЕО Атап айтқанда ол биылғы жылы  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жұмыстары аяқталуы тиіс индустриалды аймақтың құрылысына назар аударды. «Егер индустриалдық аймақ құрылатын болса, онда ол жұмыс істеуге тиіс. Кіреберіс жолдары сапалы болуы тиіс, өйткені жолдар  болашақ инвесторлар үшін маңызды»,- деп мәлімдеді облыс әкімі. Өңір басшысы облыс орталығының көркін кетіріп тұрған  құрылысы аяқталмаған нысандар мен пайдаланылмайтын жер учаскелеріне ерекше көңіл аударды. Ақтөбенің сыртқы келбеті жайында айтқан Бердібек Сапарбаев қаланы абаттандырудағы олқылықтарға тоқталды. Қала көшелерінде жасыл желектің және жарықтандырудың жетіспеушілігі, санитарлық жағдайы, тротуарлардың болмауы, автобус аялдамаларының сұрықсыз кескіні  осының барлығы шаруашылық жағынан көзқарастың жеткіліксіздігін көрсетеді. Абай даңғылы және орталық  базар маңайындағы автокөлік тұрақтарын ретке келтіру қажет. Ғимараттардың қасбеттері сын нысанасына айналды. «Тіпті жаңа «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы үйлер де көпшілікке танымал «Тағдыр тәлкегі» фильміндегідей бір-бірінен аумайды. Бұл сәулет басқармасының әр іске шығармашылық тұрғыда қарау көзқарасының кемшін екенін көрсетеді».

 Экономика режимі жайында айтқан облыс басшысы бюджеттік мекеме басшыларына қызметтік автокөлікті газға ауыстыруды ұсынды, соған байланысты газ станцияларының желісін кеңейту мәселесін қарастыру қажет.  Жергілікті әуежай қызметін талдай отырып Бердібек Сапарбаев тазалық пен тәртіп сақтау қажеттігін атап өтті, өйткені келген қонақтардың алғашқы әсері осы жерден бастап қалыптасады.  Сонымен қатар, ол Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Орынбор бағыттыранда жаңа әуе маршруттарын құру бойынша бір ай ішінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Орынбасары Сара Нұрқатоваға негізсіз баға өсіміне халықтық бақылау құру, санитарлық жағдай,  сыртқы жарнаманы сауатты жазуды тексеру тапсырылды. Сондай-ақ, иесіз электр желілеріне тексеру жүргізіп, меншік иелерін анықтау тапсырылды. Бердібек Сапарбаев жиынға қатысқан басшыларға: «Телефон арқылы жұмыс жасауды доғару керек! Барлық сұрақтарды жеке бақылауға алып, барып қараған кезде ғана нәтижесін көруге болады».

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Қосылды: 
21.09.2015 - 16:45
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:20

Жаңалықтар таспасы