Б. Сапарбаев: Необходимо усилить взаимодействие государства и общества в решении актуальных проблем

Б.Сапарбаев: өзекті мәселелерді шешуде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекетті күшейту қажет

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтық қоғам институтының өкілдерімен кездесті.

Еңбек ардагерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес бірлестіктердің, зиялы қауым өкілдері «Қоғам және мемлекет: әріптестікті жаңғырту» тақырыбын талқылады. Селектрлік жиналысқа барлық аудандар қосылды. Жиынға барлығы 200 адам қатысты.

-Біз заманауи қоғамның өзекті мәселелерін, жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін, қоғам мен мемлекеттік органдар күштерінің аталмыш мәселелерді шешуде бірігіп нығаюын талқылауымыз қажет. «Стратегия-2050» мемлекет басшысы айтқанындай «Бүгін біз рухани мәселе маңыздылығының экономикалық, материалдық тәртіптегі мәселелерден кем болмайты кезеңіне қадам басудамыз». Сондықтан, халықтың рухани бірлігі мәселесі, ұрпақтар сабақтастығы, қоғамдағы тұрақтылығы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің әрі қарайғы дамуы үшін маңызы зор,-деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев қоғамда, соның ішінде бала мен жастар тәрбиесінде мемлкеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктердің араласуын қажет ететін бірқатар маңызды мәселелердің бар екенін атап өтті. Бірінші кезекте, бұл ардагерлер ұйымы, ғылыми-педогогикалық зиялылар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дін саласының үкіметтік емес ұйымдарына, отбасылық-демографиялық және жастар саясатына қатысты.

Кездесуге қатысушылар бұл мәселде өздерінің ынтымақтастықтарын танытты.

Жағдайды мемлекетпен және үкіметтік емес сектормен бірлесе жасалған жұмысты күшейте отырып өзгертуге болады деген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Кеңес Бірманов азаматтық сектордың барлық өкілдері атынан жанжақты қолдау көрсетуге уәде етті.

ҚР мәдениет қайраткері, еңбек ардагері Еркін Құрманбеков те жалпы іске тек үкіметтік емес сектордан өзге ардагерлер және жастар ұйымдарының да белсенді қатысулары қажет деп есептейді.

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы сарапшы ретінде көкейкесті мәселе турасында жастармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің рөлі зор екендігін атап өтті.

-Қоғам отбасынан басталады. Біз балаларымызды қалай тәрбиелеп, оларды мәдени, рухани жағынан қалай дамытатынымыз туралы ойлануымыз қажет. Бәрі сіздерге байланысты. Біз бар күшімізді біріктіріп, ортақ ісімізге қолда бар барлық артықшылықтарымызды пайдалансақ жағдайды түзете аламыз,-деді облыс әкімі жиын соңында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі