Б. Сапарбаев Норвегия, Швеция, Финляндия елшілерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Норвегияның, Швецияның Қазақстандағы елшілерімен және Финлияндия елшісінің орынбасарымен кездесті. Аймақтарды аралауды біздің өңірден бастаған елшілер тобы Ақтөбе қаласында үш күн болып, студенттерге дәріс оқиды, кәсіпкерлермен кездесу өткізуді де жоспарлаған. Ал, облыс әкімі елшілерге біздің өңірдің инвестициялық мүмкінідктері туралы айтып берді.

Тоғыз жолдың торабындағы Ақтөбе облысы шетелдік инвесторлар үшін тартымды өлке. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың үш бірдей мемлекеттің Қазақстандағы елшіліктерінің өкілдерімен кездесуінде осы жағрафиялық артықшылыққа мән берілді. Облыс басшысы қазір Ақтөбе мен аталған үш елдің сауда-экономикалық байланысы күн сайын артып, 150 миллион долларға жеткендігін айтты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мұнайгаз саласы - Ақтөбе облысы экономикасының тірегі. Сонымен қатар, мыс, хром қалайы сияқты пайдалы қазбалардың да қоры мол. Жайылымы мен шабындығы қатар жүретін ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі де үлкен. Ең бастысы, тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбе облысы Еуропа мен Азия арасындағы дәліз. Сондықтан да, біздің өңірдің әлеуеті жоғары. Инвесторалар үшін де Батыс Қазақстанның орталығы ретінде тартымды деп есептеймін.

Облыс басшысы елдегі инвесторлар үшін жасалып отырған салықтық жеңілдіктерді де тізіп берді. Мәселен, Қазақстанда инвесторлар шығынының 20-30 пайызын субсидиялайтын жүйе қалыптасты. Былтырдың өзінде Ақтөбе олысында инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды. Облыс әкімі біздің өңірде мал басы жеткілікті болғанымен, ет пен сүтті қайта өңдеудің кенжелеп қалғандығын да жеткізді. Тиісінше, елшілерге Норвегия мен Швеция, Финлиянияның кәсіпкерлерін осы салаларға тарту туралы ұсыныстарын айтты.  Сонымен қатар, норвегиялық балықшылардың қазақстанға келуін де құптайтындығын білдірді.

ОЛЕ ЙОХАН БЕРНОЙ, НОРВЕГИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ

Елшілердің топтасып аймақтарға шығуы алғаш рет шығар. Осы сапарымыздың аясында студенттермен кездесіп, кәсіпкерлермен де пікір алмасқымыз келеді. Қазақстан біздер үшін қашан да маңызды және экономкалық мүдделеріміз сай келеді.

АННИЙНА КОЙВУЛА-ОЛСТАД, ФИНЛЯНДИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мен Ақтөбе облысына фин өкілдерін бастап келдім. Ақтөбе мен біздің елдің арасында қазір тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, ауыз су жүйесіз тазалау саларлаы бойынша байланыс басталды. Сонымен қатар, ұлы жібек жолының бойындағы Қазақ елі біз үшін өте маңызды. Болашақта Ресей мен Қазақстан арқылы Финляндиядан Қытайға төте пойыз шығару жоспарымыз бар. Бұл байланыс екі елдің экономикасына, тауар алмасуына серпін берері сөзсіз.

Елшілер елдер арасындағы мызғымас көпірге айналып, байланысты жетілдіруге ниет білдірді. Ал, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қашаннан елдестірмек елшіден екендігін айтып, бұл кездесуге жоғары баға берді. Олардың Астана мен Алматыдан алыстап, экономикалық әлеуеті жоғары өңірлерге шығуларын құптады. Ең бастысы, дипломатиялық өкілдіктер арқылы ақпарат алмасудың, алыс-берістің хабарларын жеткізудің маңыздылығына тоқталып өтті.

 

 

Қосылды: 
14.03.2016 - 10:58
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:18