Б. Сапарбаев Нұр Отан кезектен тыс ХХ конференциясы өтті

You are here

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс 20-сыншы конференциясы өтті. Оған, қала мен аудандарда сайланған 133 делегат қатысты. Конференция жұмысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығын атап өтті.  Жиын барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 31 кандидатқа дауыс берілді.

Конференция жұмысын, Ақтөбе облысының әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жүргізді. Жиында алдымен, партияның 17 съезінде қабылданған "Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасы талқыланды. 8 бөлімнен тұратын бағдарлама, алдағы уақытта еліміздің жан-жақты дамуына арналған. Экономикалық тұрғыдағы жетістіктер арқылы, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі есебінен барлық саладағы көрсеткіштерді ұлғайту көзделген.

АЙБЕК САҒИЕВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Партияның сайлауалды бағдарламасын нұротандықтар, еліміздің одан әрі өркендеуіне арналған тұжырымдама екенін жеткізуде. Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде жеткен жетістік, Елбасының салиқалы саясатының жемісі. Сондықтан да, әрі қарайғы даму жолы да баянды боларына сенім мол.

КЕЛДІБАЙ ЕСПАҒАМБЕТОВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

"Нұр Отан" партиясы облыстық мәслихатқа 31 кандидат ұсынды. Конференция барысында қала және аудандардан келген делегаттар, депутаттыққа үміткерлерді бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Облыс әкімі, халық қалаулысы атану қашанда жауапкершілік жүктейтінін айтып, сайлаушылармен тығыз байланыста болу керектігін ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Айта кету керек, мәслихат депутаттығына үміткерлерді анықтауға арналған мұндай шара, бұған дейін қала мен аудандарда өткізілген болатын. Нәтижесінде, билік партиясы тарапынан аудандық деңгейдегі мәслихаттарға 150 кандидат ұсынылса, қала бойынша олардың саны - 23.    

АХАТ МЫРЗАЛИН, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Биылғы сайлаудың маңыздылығын атап өткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, басты ұстаным қашанда қарапайым халықпен бірге болу деді. Сондықтан да, сайлаушылардың мүддесі бәрінен жоғары екенін айтты. Депутаттыққа үміткер әр кандидаттың сайлауалды бағдарламасы да  бұқарамен байланысты болуы қажет деп атап өтті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Конференция жұмысын қортындылаған облыс әкімі, саяси науқаннан кейін де ауқымды жұмыстардың барын айтты. Сондықтан да, сайлауда жеңіске жеткен халық қалаулылары, елді-мекендерде жиі болып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын әрдайым назарда ұстауы тиіс деген талап ортақ.

 

Қосылды: 
11.02.2016 - 14:10
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 14:18

Жаңалықтар таспасы