Б. Сапарбаев Нұр Отан партиясы делегаттар сайланды

You are here

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, 29-қаңтар күні Астана қаласында өтетін кезектен тыс съезге делегаттар сайланды.

Саяси кеңес отырысына "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, "Нұр Отан" партиясы қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, облыстық партия филиалы қызметкерлері қатысты. Жиын барысында "Нұр Отан" партиясының "Қазақстан-2021": Бірлік.Тұрақтылық.Жасампаздық." атты сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Бағдарламамен қатысушыларды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбек Сағиев таныстырды.

АЙБЕК САҒИЕВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Филиал төрағасының бірінші орынбасары еліміздің, облысымыздың күні бүгінге дейінгі және индустриалдық-инновациялық үдемелі дамудың алғашқы бесжылдығындағы жемісін партияның ізгі қадамдарымен байланыстырды. 2010 жылдан бері ғана Ақтөбе облысында жалпы құны 562 миллиард теңге болатын 79 жоба жүзеге асырылған. Облыстағы елді мекендердің 90 пайыздан астамы партия тікелей араласқан мемлекеттер бағдарламалар нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамтылған. Тәуелсіздікке қол жеткен уақыттан бері мектептер мен ауруханалар да көптеп салынды. Жалпы, осындай жетістктері бар "Нұр Отан" партиясының биылғы сайлауалды бағдарламасына да саяси кеңес мүшелері қолдау білдірді.

КЕЛДІБАЙ ЕСПАҒАМБЕТОВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ

ЕРБОЛ ШЫМА, "ҚАЗАҚСТАН-2050" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

"Болашақ" бағдраламасы бойынша шетелдерде білім алып, қызу қайнаған тірлікке қосылған жастарды, жас ғалымдарды, шығармашылыққа бейім ұрпақты көтермелеу мәселесіне облыс әкімі де ерекше назар аударды. Мәселен, жастарды қолдау арқылы қоғамдық белсенді жастарды қалыптастыру - маңызды міндет.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Саяси кеңес отырысында 29-қаңтар күні Астана қаласында өтетін "Нұр Отан" партиясының он жетінші кезектен тыс съезіне Ақтөбе облысынан қатысатын 29 делегат сайланды. Бекітілген тізімді кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Алайда, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұндай жиындарға тек басшыларды ғана емес, қарапайым жұмысшылар мен "Нұр Отан" партиясының қатардағы мүшелерін де тарту мәселесін ескертті. Өйткені, кез келген сайлау, халық таңдауы - елдегі саясатқа деген сенімділіктің белгісі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кеңейтілген отырыста облыс әкімі елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін елдің болмайтындығын атап өтті. Демек, алдағы сайлауға жұмыла күш салу - азаматтық міндет.

 

Қосылды: 
25.01.2016 - 11:01
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 10:03

Жаңалықтар таспасы