Б. Сапарбаев "Нұр Отан" партиясы обл. филиалының төрағасы болып сайланды

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Нұр Отан" партиясы  облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Маңызды шараға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов келді. Конференцияға, қала және аудан әкімдері, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және партия мүшелері қатысты.

Асқар Мырзахметов филиалдың бұрынғы төрағасы Архимед Мұхамбетовтың партияны нығайтуға қосқан үлесіне алғысын айтып, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол тұлға, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың партия филиалының  жұмысын одан әрі жоғары деңгейге көтертініне сенімді екеніне тоқталды.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаевқа Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов төраға куәлігін табыстады.

Бұл - Асқар Мырзахметовтің ақтөбелік партия мүшелерімен екінші рет кездесуі. Сондықтан конференция барысында алғашқы кездесуде белгіленген жоспарлардың орындалу барысы талқыланды. Облыстық филиалдың саяси кеңес құрамына өзгертулер енгізілді. Ал жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен партияның алға қойған міндеттері туралы облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов баяндады.

НҰРХАН АҒНИЯЗОВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ

Тоғыз ай ішінде тоғыз миллиард теңгеге жуық қаражат тиімді жұмсалды деген облыстық филиал төрағасының орынбасары атқарылған жұмыстардың бірқатарына ерекше тоқталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мобилді топ назарында. Жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің тәртібі, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығы да қатаң бақылауда деді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың анағұрлым күшейтілгені айтылды. Облыс бойынша 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды. Жыл басынан бері 2000-нан астам арыз түсіп, оның 800-і толық шешімін тапты. Ал мыңнан астамы заңгер кеңесіне жөнелтілді. Ал конференция барысында сөз алған қоғам қайраткері Келдібай Еспағамбетов партия мүшелерінің қатарын көбейту қажеттігін атап өтті.

КЕЛДІБАЙ ЕСМАҒАМБЕТОВ, ҚР "БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ" КЕҢЕСІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Төрағаның бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов партияның өңірлердегі  жұмысын нығайту қажет екені жеткізді. Және орталықта әр филиалдың қызметін бағалауға арналған нысаналы индикаторлардың әзірленетінін қадап айтты.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс әкімі, Нұр отан партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев қорытынды сөз сөйледі. Партияластарына білдірген сенімдері үшін алғыс айтты. Өзіне жүктелген зор жауапкершілікті сезініп, берілген тапсырмалардың  уақытылы орындалуына сенім білдірді. 800 мыңнан астам тұрғыны бар Ақтөбе облысы үшін 34 мың партия мүшесі аз деді. Сондықтан штабты кеңейту арқылы партия бағдарламаларын толығымен орындаймыз деді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыс әкімі алдағы уақытта бастауыш партия өкілдеріне көп көңіл бөлініп,  Денсаулық, білім, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық салаларына байланысты жұмыстардың уақытылы орындалуына мән беретіндігін жеткізді. Облыс басшысы партия төрағасының берген тапсырмаларына сәйкес филиал жұмысында бірқатар бағыттар бойынша жандандыру жұмыстарын жүргізетінін  айтты.

 

Жаңалықтар таспасы