Б. Сапарбаев облыстық маслихаттың кезекті сессиясы өтті

You are here

2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бүгін мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясында көтерілген сұрақтардың талқылануына облыс әкімі Бербідек Сапарбаев қатысты. Келесі жылы қазынадан бөлінетін қаражаттың үнемді жұмсалуына баса мән берілді. Оның ішінде коммуналдық сала, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу, медицина мен білім беру бағыты және тұрғын үй құрылысы қаперге алынды.

2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет нақтыланды. Облыстық мәслихаттың 39 сессиясында қаралған бұл мәселеге бюджеттен бос қалдырылған 2 млрд 886 млн теңгенің қайта бөлінуі жоспарланып отыр. Қаражаттың басым бөлігі құрылыс және сәулетке, білім беру, денсаулық сақтау және тағы да қаржыны қажет ететеін салаларға бөлінбек.

РУЗИЯ АЙДАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шығындардың тізбесіне сәйкес, облыстық бюджеттен коммуналдық істерге, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға,

Сессия барысында қаралған тағы бір мәселе білім беруді дамытуға арналды. 2015 жылы білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі 53,3 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, осы жылы облыс аумағында орналасқан апаттық жағдайдағы екі мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілсе, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында ұлттық қор есебінен бөлінген қаржыға 4 мектептің құрылысы басталмақ.

РУСЛАН БЕГІМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Сессия барысында қаралған мәселелерді облыстық мәслихат депуттаттары бірауыздан қолдады. Ал қорытындысында облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова 2015 жылға қорытынды жасап, жеткен жетістіктер мен алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын нақтылады.

 

Қосылды: 
18.02.2016 - 10:10
Соңғы өзгерiстер: 
05.09.2016 - 14:22

Жаңалықтар таспасы