Б. Сапарбаев облыс әкімдігінің алқа мәжілісі өтті

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің алқа мәжілісі өтті. Жиында облыстың өткен жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қортындылары, көлік инфрақұрылымын дамыту және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларды бекіту туралы мәселелер қаралды. Мәжіліске ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Бәйбеков, облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, қала және аудан әкімдері, құқыққорғау органдарының басшылары қатысты. Облыс әкімі өңірдің даму көрсеткіштерінде орын алған олқылықтарға орай, бірқатар басқарма жетекшілері мен әкімдердің жұмысын сынға алды.

Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала және аудан сондай-ақ, ауыл әкімдерінің басты міндеті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру екенін айтты. Бұл ретте Елбасының тапсырмаларын орындау, түрлі деңгейдегі басшыларға басты талап деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыстың 2015 жылғы әлеуметтік -экономикалық даму қортындылары туралы баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева, өткен жылы өңірдің өндіріс, тау-кен салаларында өнім өндіру көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді. Оның мәлімдеуінше мұндай жағдай, мұнай және газ өндіруде де байқалып отыр. Ал, ірі кәсіпорындармен келісім - шарттардың мерзімін ұзартуда Әйтеке би, Байғанин, Шалқар, Темір және Алға аудандары кешеуілдеп қалған. Бұл ретте, облыс әкімі аталған аудандардың әкімдерін тұрғызып сынға алды. Әкімдер мен облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы бірлесе жұмыс істемейді деген облыс басшысы, ұйым жетекшісіне ескерту берді. Ал, өңірге инвестиция тарту мәселесі де былтыр азайған секілді.

РУЗИЯ АЙДАШЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда, 34,9 пайызға төмендеді. Бұл көбінесе Батыс европа - батыс қытай және Шалқар - бейнеу теміржолының аяқталымен және инвестиция тартуда белсенділіктің төмендігімен байланысты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, ауылшаруашылығында бірнеше пайызға өсім бар. Бірақ бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда өте аз. мәселен, көкөніс, бау-бақша өнімдері өндіру6,6 пайыза артса, мал шаруашылығындағы өсім тек бір пайызды ғана құрады. Аграрлық саланың дамуы үшін барлық жағдай жасалған аймақ үшін бұл өте аз көрсеткіш.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл саладағы шағын және орта бизнестің кенже дамуы да сынға алынды. аудан ауыл көлемдерінде түрлі бағдарламалар насихатталып, кәсіпкерлік негіздерін үйретуге арналған мектептер ашылса да, нәтиже мардымсыз. Бұл мәселеге байланысты облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысына жауап беруге тура келді. 

БАҒЖАН ТІЛЕГЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ал, аудан әкімдерінің рейтингісі әдеттегіше 15 көрсеткіш бойынша анықталған. алғашқы орындарда Алға, Байғанин, Қарғалы өңірлері тұрса, соңғы үштікте Мұғалжар, Шалқар және Темір аудандары бар. Аталған аудан әкімдерінің есебіне қатысқан облыс басшысы, бүгін оларды тағы да тұрғызып, кейбір мәселелер бойынша жауап талап етті. Темір ауданында өткен жылы бірде бір әлеуметтік нысан салынбаған. Сыбаға, Ырыс секілді бағдарламалар да орындалмапты.    

БАУЫРЖАН ҚАНИЕВ, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылшаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиісті дәрежеде орындалмауы, Шалқар және Мұғалжар аудандарында да кездесдеді. Тіпті, кейбір өңірде ауылдық округтерге бөлінген қаражаттың толық игерілмей қалған. Бұл жөнінде бірқатар округ ә"кімдерінің жауап берулеріне тура келді. Әкімшілік аумағында ірі мұнай-газ компаниялары бола тұрса да, олармен тығыз байланыста жұмыс істей алмай және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде де аз көрсеткішке ие  аудан әкімдеріне де сын айтылды

СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен жылы ауылшаруашылығына ешқандай инвестицияның салынбауы да саладағы көрсеткіштерді төмен етуде. Бұл ретте, облыс әкімі  Қызылорда, Жамбыл және Атырау облыстарынан үлгі алу қажет деп сала мамандары мен ауыл, аудан әкімдеріне нұсқау берді. Сондай-ақ, азықтүлік түрлерін мейлінше мол үрдіру қажет деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ҚАРЖАУБАЙ ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ақтөбе облысының өткен жылғы даму көрсеткіші баяндалған алқа мәжілісте, алдағы уақытт аудан ауыл әкімдерінің ісі бақылауға алынып, үйлестіретін жұмыс тобы құрылмақ. Ол барлық бағыттар бойынша соның ішінде, даму көрсеткіштері мен инвестиция тартуды қаперге алады. Бұдан кейін көлік инфрауқұрылымын дамут туралы баяндама жасаған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжанов, өңірдің көлік саласы туралы баяндады. Әсіресе, жүк тасымалы автомобиль және әуе қатынастары жөнінде айтып өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,алдағы уақытта салынкатын көлік жолдарына орай анықталған мердігер компаниялармен тығыз жұмыс істеу, оларға қажетті материалдарды жергілікті жерден алуын қамтамассыз етуді тапсырды. Ал, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, айына бірнеше рет барлық елді мекегдерде шара өткізуі қажет деді. Қазірдің өзінде, іс-шаралар бекітілген.    

ЕРБОЛ  НҰРҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алқа мәжілісті қортындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, дағдарыс жайлаған қазіргідей жағдайда, тынымсыз жұмыс істеу қажет екенін баса айтты. Өңірге инвестиция тарту, жұмыс орындарын сақтау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту басты мақсат екенін атап өтті.

Жаңалықтар таспасы