Б. Сапарбаев пен даму қоры арасында құрайтын меморандумға қол қойылды

You are here

"Даму" қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында жалпы сомасы 900 млн. теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Әлем елдерін дағдарыс дендеген уақытта өңірдің дамуына серпін беретін бұл маңызды құжаттарға қол қою рәсіміне облыс әкімі Бердібек сапарбаев пен "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишембаев қатысты. "Даму" қорының, Тұрғын үй құрылыс банкінің басшылығы және басқа да банктердің, қаржы институттарының өкілдері келді. Келісімге сай, жас кәсіпкерлердің стартап жобаларын қаржыландыру үшін облыс әкімдігі 100 млн. теңге, "Даму" қоры 200 млн. теңге бөлетін болды. Сонымен қатар, қол қойылған тағы бір құжат  ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша меморандум. Жалпы сомасы 600 млн. теңгені құрайтын келісімнің сүбелі үлесі "Даму" қорына тиесілі. "Даму" сондай-ақ, "Наурыз СИМ" серіктестігі мен "Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі" арасында үш жақты кепілдендіру шартына қол қойды. Кепілдік сомасы 25 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда Ырғыз ауданында үш мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы салынбақ. Ал "Даму" қоры, "Тау агрофирмасы" және "АТФ банкі" арасындағы үш жақты субсидиялау нәтижесінде Хромтаудағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын жұмысы ілгерілейді. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қаржы институттарын тарту арқылы келесі жылға жоспарланған жұмыстарды атап өтті. Ал  "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишембаев Ақтөбе өңірінде біріккен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ҚУАНДЫҚ БИШЕМБАЕВ, "БӘЙТЕРЕК" ҰБХ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

 

 

 

Жаңалықтар таспасы