Б. Сапарбаев Рессей федерациясының бас консулымен кездесті

You are here

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ресей федерациясының бас консулы Саид Забитовпен кездесті. Кездесу барысында Ауған соғысының ардагері Артық Елкеевке "Қызыл жұлдыз" орденін табыстады. Облыс басшысы ардагерді жаңа төс белгісімен құттықтап, әңгіме төркінін екі ел арасындағы ынтымақтастықпен жалғастырды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономика өсімін сақтау басты міндет болуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізетін бірнеше мысалдарды келтірді. Бүгінде өңірдегі әр үшінші кәсіпорын ресейлік бизнес өкілдерінің қатысуымен құрылғанын да атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз Ресейдің бізбен шектесіп жатқан көрші облыстарының мүмкіндігін тиімді пайдалануымыз қажет. Және екі ел президенттерінің тапсырмасына сай, ынтымақтаса жұмыс істеп, сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыру қажет. Өткен жылы шекаралас өңір арасындағы ішкі сауда айналымы бір миллиард 250 миллион долларды құрады.  Соңғы жеті айдың қорытындысы бойынша сауда айналымында күрт төмендеу байқалады. Оны қайта қалпына  келтіру мақсатында біз барлық шараны жасаймыз.     

Өз кезегінде Саид Забитов  Қазақстан мен Ресей арасындағы ұзақ жылдық әріптестік тамырын әлі де тереңге жаяры сөзсіз.-деді.   Және екі ел арасындағы шекаралас өңірлердің өзара қарым-қатынасы мен аймақаралық серіктестікті нығайту мәселелеріне тоқталды.

САИД ЗАБИТОВ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС КОНСУЛЫ

Дағдарысқа байланысты ішкі сауда айналымында аздап төмендеу байқалады. Дегенмен екі елдің басшылары мен кәсіпкерлері бұл сәтте қол қусырып қарап қалмайды деген үміттемін. Өзіңіз айтып отырғандай, "дағдарыс келеді кетеді". Сондықтан сауда -экономикадағы әріптестікті одан әрі нығайту қажет.

Ал ширек ғасырдан кейін бас консулдың қолынан алған "Қызыл жұлдыз" ордені  Артық Елкеевтің мерейін үстем етті. Ауған соғысының ардагері қазір Қандыағаш қаласында тұрады. Екінші топтағы мүгедек. Мұндай орденмен екінші рет марапатталып отыр. Жалпы Мұғалжар ауданы бойынша 51 ауған соғысының ардагері бар. Артық Елкеев 26 жылдан кейінгі марапатты күтпегенін де жасырмады.

АРТЫҚ ЕЛКЕЕВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Кездесу соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев " Ардагерді орденімен құттықтап, отбасына мықты денсаулық тіледі. Және Ауған соғысына қатысушылармен алда арнайы кездесу өткізетінін мәлімдеді.  

Қосылды: 
15.10.2015 - 09:34
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:05

Жаңалықтар таспасы