Б. Сапарбаев Рождество арнаулы хабар

You are here

Қаңтардың 6-нан 7-сіне қараған түні қазақстандықтар әлемдегі барлық православ христиандарымен бірге Рождество мерекесін атап өтеді.   Осы мерекеге орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтады. Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіруде. Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты. Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін! деді  Елбасы өз құттықтауында.

Осы аптада Православ дінін ұстанған қазақстандықтар Рождество мейрамын атап өтті. Рождество бұл - Христиан әлемінің басты мерекесі саналады. Бұған христиандар 40 күн бойы дайындалады. Жақсылық пен сүйіспеншілікті, сыйластық пен ізгілікті дәріптейтін мейрамды атап өту үшін алдымен жүрек таза болуы керек дейді олар. Сондықтан сол күні  күйбең тіршілікті ұмытып, бір сәтке сабырлы болып, жақындарына көңіл бөлуді үндейді. Шырағдан алдында тілектерін айтып, пайғамбарлардың, әулиелердің қолдауын тілейді. Христиан дінін ұстанушылар ата-бабаларының аманты бойынша Рождествоны бірінші кезекте отбасылық мереке деп қабылдап,  дастарқан басында жиналуды дәстүрге айналдырған.  проваслав дінін ұстанған ақтөбеліктер қаланың бас шіркеуі Свято-Никольский  соборында бас қосты. Оларды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап барды.  Жалпы Дүниежүзінің 145 мемлекетінде тойланатын діни мейрам қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл мереке осыдан 2000 жыл бұрын Мария ананың Иса пайғамбарды дүниеге әкелген күнінен басталған. Жалпы Біз секілді Армения, Грузия, Қырғызстан, Португалия, Ресей, Сербия, АҚШ, Украина халқы да Рождествоның құрметіне бір күн демалады. Бұл күнді барша христиандар шіркеулерде құдайға құлшылық етумен өткізеді. Осы айтулы мейрамды жыл сайын отбасымен бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырғандар бұл жолы да шіркеуге келіп, мәніжат етті. Шырақ жақты. Наталья Танкова да бүгін немерелерін жетектеп келді.

НАТАЛЬЯ ТАНКОВА

барлық ақтөбеліктерді осы мейраммен құттықтағым келеді. мендегі  қуаныш сезімімн басқаларда сезінсе екен деймін. асапынымз ашық болсып, осындай татулыққа өмір сүре берсек деп тілеймін.

 

Жаңалықтар таспасы