Б. Сапарбаев Сазды және Новый ауыл округ тұрғындармен кездесті

You are here

Қалаға қарасты елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жетілдіруге, ақсақалдар кеңесі мен ынталы топтар да үлес қосуы тиіс. Бұл туралы бүгін, Сазды және Новый ауылдық округтерінде болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. Облыс басшысы ауылдағы мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулаторияның жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында, жұмыспен қамту, қылмыстың алдын-алу, қоғамдық көліктердің үзіліссіз қатынауы және өзге де өзекті тақырыптар қозғалды.

Сазды ауылы қала аумағында орналасқан, жағдайы тәуір елді-мекендердің бірі. Мұнда келген облыс әкімі әдеттегіше, әлеуметтік нысандарды аралаудан бастады. Жергілікті әкімшілік ғимаратында болып, бірнеше мемлекеттік ұйымдардың жұмысымен танысты. Кейін, округ тұрғындарына мединалық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулаторияда дәрігерлер мен мұнда ем алып жүрген науқастармен сөйлесіп, жағдайын сұрады. Ал, дәрі-дәрмек бағасының соңғы уақытта қымбаттай бастауына байланысты, тиісті іс-шараларды қолға алу керектігін айтты. Бұл мәселені қала әкімі Бекбол Сағын айтып, түсіндірді.

БЕКБОЛ САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, ауылдағы мектеп ғимараты жаңартуды қажет етеді. 1970 жылынған білім ұясына өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, әлі де көңіл бөлуді қажет етеді. Бүгінде мұнда 700-ден астам оқушы білім алады. Ал, жаңа мектепке қажеттілік туғанымен, еліміздің білім және ғылым министрлігінің жоспарына кірмей қалған. Облыс әкімі, бұл мәселені қолға алып, жаңасын тұрғызу жөнінде ойлану қажеттігін айтты. Мектеп мәселесі кейін жергілікті мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу барысында да айтылды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылда, білім ұясынан өзге, балабақшаға да сұраныс жоғары. Саздыға жақын орналасқан Бауырластар - 1 және бауырластар - 2 елді мекен тұрғындары, мектепке дейінгі ұйымның қажет екені туралы бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқанын жеткізді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу барысында, Сазды ауылдық округінің тұрғындары облыс әкіміне түрлі сауалдарын қойды. Сұрақтар негізінен, жұмыспен қамту, қоғамдық көліктердің қатынауы, жол салу төңірегінде болды.

          БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылда соңғы кездері мал ұрлығы көбейген. Жыл басынан бері 4-5 ірі қара қолды болған. Бірақ, ұры-қары әлі анықталмай келеді. бұдан өзге, түн мезгілінде жол бойындағы газ құбырынан үйлерге жылу келмей қалу себебі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Ал, қаскүнемдерді табу үшін ынталы топ құрайық деген халық ұсынысын ауыл әкімі елемеген. Осының барлығын ашумен жеткізген тұрғындар, учаскелік инспекторлар мен ауыл әкімі Ыхсан Дисикушке қатысты шағымдарын да жасырмады. Облыс әкімі инспекторларды орындарынан тұрғызып, халыққа жауап беруін талап етті. Ал, округ әкіміне халыққа мейлінше жақын болу керектігін қатаң ескертті. Сондай-ақ, ұрлық-қарлық пен жолдардың жағдайы және жарықтандыру мәселесін шешу жолдарын Ақтөбе қаласының әкіміне тапсырды.    

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі сазды су қосмасына аялдап, су шаруашылығына жауапты "Су шаруашылығы" мекемесінің есебін тыңдады. Одан соң, Новый селолық округіне бет алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, алдымен, қалалық жас туристер стасасына аялдады. Бұл ғимаратқа жақында қоныстанған ұйым, алдағы уақытта жаңа нысанға көшпек. Қазір сметалық - жобалық құжаттары дайындалуда. туризмді дамытуға көңіл бөлу қажет деген облыс әкімі, кейбір кластарда болып, балалармен сөйлесті.

Алдағы уақытта Жаңақоныс ауылында балалар шығармашылығы үйі ашылмақ. Бұрыңғы мектептің ғимараты осы мақсатта қолданылады. Қазір, түрлі үйірмелерге қажетті бөлмелер мен мәжіліс залы, концерт залдары жасақталып жатыр. Ғимаратты аралап көрген облыс әкімі, қолға алынған іске оң бағасын берді.

СТЕНДАП ӘНУАРБЕК, МЫРЗАТАЙҰЛЫ ТІЛШІ

Селолық округте 20-ға жуық шаруашылық құрылымдары мен егін егумен айналысатын қожалықтар бар. Мұнда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару үшін арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.

МЫҢЖАСАР БАҚЫТКЕЛДІ, НОВЫЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы, ауылдағы дәрігерлік амбулатория мен 1-ші қыркүйекте ашылған жаңа мектепте болды. Әлеуметтік мекемелердің жағдайымен танысты. Кейін, осы білім ұясында күткен ауыл ақсақалдарымен кездесті. Жүздесу барысында тұрғындар, қалыпты өмір сүруге қажетті жағдайдың жасалғанын айтып, әлі де болса шешімін табуы тиіс мәселелерінде жеткізді. Олардың қатарында, ауылішілік жолдардың жағдайы, көшенің түн мезгілінде жарықтануы, аялдамалар санын көбейту мен т.б сауалдарын қойды. Облыс әкімі барлық сұрақтарды тыңдап, жауап берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Екі бірдей селолық округтерде болып, ондағы әлеуметтік жағдайлармен танысқан облыс әкімі, халықпен кездесу барысында жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Сол кезде ғана, дағдарысты еңсеріп, елдің тұрмысын одан әрі жақсартамыз деді.

Қосылды: 
17.11.2015 - 10:36
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 17:22

Жаңалықтар таспасы