Б. Сапарбаев симпозиум трансплантациялау меморандумға өтті

Алғаш рет Ақтөбеде "Ел аймақтарында органдар трансплантациялауды дамыту" тақырыбында қазақстандық және шетелдік мамандардың қатысуымен республикалық симпозиум өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Сеул Ұлттық университетінің Госпиталі  арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Жалпы, соңғы жылдары Ақтөбеде ағза мүшелерін ауыстырып салу сияқты күрделі операциялар жасала бастады. Бұл еліміздің батыс аймағында Ақтөбе медицинасының әлемдік медицинамен терезе теңестіруіне жасалған қадамдардың бірі деуге болады.

Республикалық симпозиум Ақтөбе жерінде алғаш рет өтуде. Мақсат - облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Сеул Ұлттық университетінің Госпиталі  арасында ағзаны трансплантациялау бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойып, алдағы міндетті айқындау. Айтып өтейік, Сеул Ұлттық университетінің Госпиталі ақпан айында бауыр алмастырудан отаны сәтті өткізген болатын.

Меморандум Ақтөбеде Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық кластерді дамытуға да үлесін қоспақ. Ресей, Корей, түрік және өзіміздің мамандары бұл іске барлық күшті жұмсайтын болады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе облысында бүгінгі күнге дейін бүйрек пен бауыр алмастыру бойынша 10 шақты операция жасалған. Ал 300-дей ақтөбелік ағза ауыстыруға кезекте тұр. Осындай жетістікке жеткен өңір енді халықаралық деңгейде ота жасау мүмкіндігіне ие болды. Яғни Ақтөбе облысы трансплантация жасау бойынша әлемнің үздік отыздығына енді.

ЖАҚСЫЛЫҚ ДОСҚАЛИЕВ, ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- аударма. Трансплантологияның дамуы , оның ішінде өңірлердегі дамуы айтырлықтай үлкен маңызға ие. Қазір елімізде жасалған даму бағдарламасына сәйкес, денсаулық саласына көп көңіл бөлініп келеді. Соның айғағы ретінде осы Ақтөбе облысын айта аламыз. Біз облысты ағза алмастыру бойынша операция жасауда үздік отыздыққа енгенін және өңір мамандары халықаралық деңгейде қызмет көрсететін мақтан етеміз. 

Симпозиум аясында 11 маман Батыс Қазақстан өңірінде трансплантология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат пен естелік медальдармен марапатталды. Айта кетерлігі, Облыстық ауруханада туыстық донордан бүйректің трансплантациялануы жөнінде басқосулар, шеберлік кластарды онлайн режімде өткізу жоспарланған. 

 

 

 

Қосылды: 
01.03.2016 - 14:53
Соңғы өзгерiстер: 
05.09.2016 - 15:30