Б. Сапарбаев СНПС,Шығыс мұнай сервис басшылары есебін берді

Сондай-ақ бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында "СНПС Ақтөбе көлік компаниясы" және "Шығыс мұнай сервистік қызмет көрсету" серіктестігінің басшылары есеп берді. Әлеуметтік жауапкершілік және ұжымдық келісім шарттың орындалуы туралы өзекті мәселелер көтерілді.

Дағдарыс уақытша қиындық. Ал дәл осы уақытта жұмыс орындарын қысқартпай, өндірісті өрлетіп, әлеуметтік міндеттерін бұлжытпай орындау - Елбасының тапсырмасы. Президенттің талабын орындау үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ірі кәсіпорындардың басшыларына қосымша кіріс көздерін іздеуді, экономиканың тың салаларын батыл қадам басуды тапсырды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ? АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгін, "СНПС Ақтөбе көлік компаниясы" мен "Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету" ЖШС-нің ұжымымен кездескен облыс әкімі, ұйым басшыларының өткен жылғы өндірістік бағдарламаларының атқарылуы мен ұжымдық келісім-шарттарының орындалуы туралы баяндамаларын тыңдады. СНПС көлік компаниясы, былтыр мұнай бағасы арзандауымен, теңге бағамының өзгеруіне және жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, 413 қызметкерді жарты күнді жұмысқа, 19 адамды 50 пайыздық айлықпен демалысқа жіберген. "Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету" серіктестігіндегі жағдай да солай. Әлемдіәк нарықтағы мұнай бағасын назарға алып отырады. бірақ екі компания жетекшілері жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың еңбек қауіпсіздігін қорғауды тиісті талапқа сай орындап келе жатқандарын айтты.  

ХУАН ЮНШИН, "СНПС АҚТӨБЕ КӨЛІК КОМПАНИЯСЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

2015 жылы біздің компания Ақтөбе мұнайгаз АҚ өзге, Астана қаласы мен Қызылорда облыстарында сәтті жұмыс істеді. Нәтижесінде 8 млрд 974 млн теңге табыс тапты. Ал, жұмысшыларға барлық өтемақы, жалақы кестеге сай төленіп келеді. Сондай-ақ, олардың кезесті еңбек демалысы, өндіріске орай оқытуға да көңіл бөліп келеміз.

Кездесу қорытындысында компаниялар басшылығы, Ақтөбе обдысының әкімдігі және облыстық кәсіподақтар орталығы арасында үш жақты меморандумдарға қол қойды. Құжат, кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын реттеуге, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды міндеттейді. Жиын барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, еңбек ұжымдарында алауыздық болмай, тек ауызбіршілікте бірігіп еңбек ету керектігін айтып, меморандумдағы шарттарды орындау басты парыз деді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Меморандумға қол қойған екі компанияда биылға арналған жұмыс жоспарларын бекіткен. Негізгі серіктестері - Ақтөбемұнайгаз АҚ өзге, бірқатар ұйымдармен де келісім шартқа отырған. Сондықтан да биыл жұмыс қарқыны артатынына сенімдері мол.

Қосылды: 
03.02.2016 - 17:19
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 10:07