Б. Сапарбаев "СНПС-Актобемұнайгаз" ұжымымен кездесті

You are here

Ақтөбеде ірі кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтап қалулары керек.  Бүгін "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев компания басшылығына осылай деп тапсырма берді. Әлемдік дағдарысқа төтеп беру шараларын қабылдаған елімізде қойылып отырған басты талап та - осы. Жиын барысында ұжымдық келісім-шарттың орындалуы, жаңа еңбек кодексінің талаптары туралы кеңінен айтылды.

Мұнай мен газ өндіретін облыстағы ең ірі компанияның еңбек ұжымымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, алдымен аймақтағы әлеуметтік - экономикалық ахуалға тоқталып һөтті. Облыс басшысының айтуынша, әлемдік нарықта қалыптасқан дағдарысқа қарамастан, Ақтөбе өңірі өткен жылды табысты аяқтады. Ең бастысы, жұмыс орындарын сақтау мен еңбекақыны уақытылы төлеу және әлеуметтік міндеттерді сәтті өтеді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әлемдік нарықтағы дағдарыс, облыстағы ірі мұнайгаз компаниясына да әсер еткен. Қара алтын бағасының төмендеуі, өнім өндірісіне кері ықпал етті. Сондай-ақ, экспорттау квотасының азаюы мен теңге бағамының да өзгерісі, компания ісіне біраз шыған әкелді дейді акционерлік қоғамның бас директоры. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен жиын барысында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қортындылаған Ван Цзюньжэн, былтыр өндірістегі жалпы кіріс көлемі кемігенін жеткізді. 

ВАН ЦЗЮНЬЖЭНЬ, СНПС "АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

Мұнайдық әлемдік нарықта төмендеуі, теңгенің тұрақсыздығы және сыртқа шығаруға квотаның аздығы, біздің өнім өндіруге кері әсерін тигізді. нәтижесінде, жылдық кіріс 311 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 30 пайыздан төмен. Компания 18 жылдық тарихында мұндай қиыншылықпен алғаш рет ұшырасып отыр.

Нарықтағы қиын жағдайға қарамастан, акционерлік қоғам жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттерін толық орындап келеді. Бүгінде компанияда алтыжарым мыңнан астам адам еңбек етуде. Өткен жылы әрбір жұмысшыға жалақыдан бөлек, 222 826 теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген. Бұны, мұндағы кәсіподақ төрағасы да растады. Шара барысында,компания басшысы, мұнай бағасының қазіргі көрсеткішімен байланысты биыл жалақы өспейтінін айтты. Бірақ, еңбек әлеуетін арттыруға уәде берді. Сондай-ақ, қоғам қызметкерлері облыс әкіміне түрлі сұрақтарын да қойып, жауап алды.

КҮЛАНДА ТҰРҒАНБАЕВА, СНПС "АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ

ТАЛҒАТ ЖУМИН, СНПС "АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ ЖҰМЫСШЫСЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиында облыс әкімі компания басшысына, өнім өндіру көлемін арттыруды, кәсіпорындағы жұмыстар мен қызмет көрсетудегі қазақстандық үлесті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Жаңажол мұнай газ өңдеу зауытының үшінші кезеңін уақытында іске қосуды қажеттігін атап өтті. Жиын соңында, еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдемелерді одан әрі қамтамассыз ету мәселелері бойынша облыс әкімдігі мен акционерлік қоғам басшылығы және аймақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.

Қосылды: 
13.01.2016 - 16:50
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 09:37

Жаңалықтар таспасы