Б. Сапарбаев спортшылармен кездесті

You are here

Еліміздің әр түпкірінде жұмыс істеп жүрген ақтөбелік білікті бапкерлер мен дарынды спортшылар облысқа кейін қайтарылады. Бұл туралы өткен сенбіде болған спортшылармен кездесуінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ең бастысы, келесі жылы бюджеттен облыс спортына бөлінетін қаражаттың азаймайтыны белгілі болды.

Қазақстанның туы шет мемлекеттерде тек екі сәтте ғана көкке көтеріліп, әнұранымыз шырқалады. Біріншісі - мемлекет басшысының ресми сапарлары кезінде, екіншісі - спортшыларымыз жеңіске жеткен кезде ғана. Тәуелсіздік алғалы Елбасымыз әлемді саяси салада мойындатты, ал спортшыларымыз талай биікті бағындырды. Лондонда өткен олимпиада ойындары кезінде Қазақстанның саңлақтары үлкен серпіліс жасап, еліміз жалпыкомандалық есепте тұңғыш рет он екінші орынға көтерілді. Ең бастысы, спорт - салауаттылық пен денсаулықтың кепілі. Облыс спортшыларымен, спорт ардагерлерімен кездесуінде облыс әкімі осы мәселелерге ерекше тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбеде жалпы спорттың күйі төмен болмағанымен, әттеган-айлар да жеткілікті. Көптеген спорт нысандарының атына заты сай емес. Спорттық жабдықтар жетіспейді. Қысқы спорттың кенжелеп қалғаны да белгілі. Жекелеген спортшылар әлемдік биікке көтерілгенімен, облыстан шыққан олимпиада жеңімпазы жоқ. Тіпті, қатысатын да адам табылмайтын кездер бар.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ашық-жарқын әңгімеге құрылған кездесуде спортшылар мен ардагерлер сауалдар мен ұсыныс-тілектерінің тиегін ағытты. Көпшілігі облыс басшысының алдында жетістіктерін айтып қалуға қалуға тырысты. Спорттық жабдықтар мен арнайы ғимараттардың жеткіліксіздігін жырлағандар да көп. Ал, Ауған соғысы ардагерлерінің өкілі жастардың шыңдалуы мен қатар патриотттық тұрғыда тәрбиеленуіне жете көңіл бөліну керектігін айтты.

МАРАТ ҚОЙЛЫБАЕВ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ "ЕР БАҚЫТ" СПОРТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Каратэден әлем чемпионы Әшім Қали жастардың қызығушылығын тудырып отырған ережесіз жекпе түрлерін дамыту, қызымен бірге бапкерлікті қолға алған Раиса Рашидова көркем гимнастикаға жастарды көптеп тарту, хромтаулық маман әзірге кеншілер қаласында ғана ұмытылмаған доптты хоккейге көңіл бөлуді айтса, мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауға байланысты мәсеселер де көтерілді.

ГҮЛМИРАМ СРАЖОВА, ҚАЛАЛЫҚ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Белгілі каратэші Ринат Сағындықов пен облыстан әзірге олимпиада ойындарына жалғыз жолдаманы еншілеген Артас Саналар облыс әкіміне спортқа көңіл бөліп отырғандығы үшін алғыс білдірді. Ақтөбеде әйелдер боксын дамыту мәселесі де сөз болды. Алайда, осы жиын барысында белгілі спортшы Раиса Байлиеваның ішкі істер органдарындағы қызметінен шеттеп қалғандығы да айтылды. Кездесуде көтерілген мәселелерді түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысында алдағы жылдың бюджетінде спортты дамытуға бөлінген қаражаттың кемімейтіндігін атап өтті. Ал, жаңа ғимараттар мен мектептер де дабырасыз салынады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі спорт федерацияларының басшылығында нағыз жанқияр спортшылардың болуы керектігін ескертті. Сүйсіпеншілік пен кәсібилік - осы салаға жетіспей отырған дүниелер. Енді жаңадан салынған тұрғын үйлердің жертөлелері балалардың бос уақыттарын өткізетін спорт алаңдарына айналады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысына оқу орындарымен байланыс орнатып, маман даярлау мен оларды жұмысқа орналастыру мәселесіне мән беруді тапсырды. Жалпы спортты көтеру үшін Ақтөбеде халықаралық деңгейдегі жарыстар да жиі өткізіледі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Істі ілгерілету үшін тек бюджет қаржысы ғана емес,  демеуші кәсіпорын-компаниялар да тартылады. Ал Ақтөбеде спорттың барлық түрінің оның ішінде олимпиада ойындары санатындағы салаларына теңдей көңіл бөлінеді. Қазақстан құрамасының сапында жүрген ақтөбелік спортшыларға облыс басшылығы ерекше қолдау білдіретін болады. Мәселен, жуырда ғана әлем чемпионы атанған дзюдошы Рүстем Ыбраев тағы бір қуанышқа кенелетін күн жақын.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Екі сағатқа созылған жиын барысында көптеген мәселелердің түйіні шешілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тек адал еңбек пен тынымсыз даярлықтың ғана жеңістерге жетелейтіндігін атап өтті.

Қосылды: 
28.12.2015 - 12:20
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 14:06

Жаңалықтар таспасы