Б. Сапарбаев С. Бәйішев ұжымымен кездесті

You are here

Мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарын дамыту керек. Және туризм мамандығына көп көңіл бөлу қажет. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ұжымымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Кездесуге университет басшылығы мен оқытушылар құрамы, студенттер және олардың ата-аналары қатысты.

Облыс басшысы кездесуді әдеттегідей білім ордасының тыныс -тіршілігімен, жұмыс барысымен танысудан бастады. Университет жанынан салынып жатқан жаңа оқу корпусының, техно-парк пен онлайн тест тапсыру орталығының құрылысын барып көрді. 20 жылдық тарихы бар оқу орнының жеткен жетістіктері де аз емес. Бүгінде 6 оқу ғимаратында 8000 нан астам студент білім алуда. Оның  2 мыңдайы күндізгі бөлімде. Үш спорт залы, бассейн және 280 орындық жатақханасы бар. Университет жиһаздары толығымен дерлік оқу орынның өз цехында жасалған. Білім шаңырағының бұдан бөлек жетістіктері кездесу барысында кеңірек айтылды.

БЕКЕЖАН АХАН, С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұжымға алдымен кездесудің мақсатын айтып, қатысушыларды ашық әңгімеге шақырды. "Оқу орындары арасында сауатты бәсекелестік болуы тиіс, біз сонда ғана жақсы жетістікке жетеміз" деген, облыс басшысы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың бар екенін де атап өтті. Сондай-ақ елімізде кенжелеп қалған туризм бағытын өркендету қажеттігіне тоқталды. Ол үшін тек туризм мамандығына оқытып қана қоймай, түлектерді жұмысқа орналастыру керектігін баса айтты. Облыс көлемінде алғаш рет салынып отырған онлайн тест тапсыру орталығы да әңгімеге арқау болды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Оқу орны бүгінде Өзбекстан, Қытай , Ресей, Ұлыбритания, Малайзия, Оңтүстік Корея елдерімен тығыз байланыста. Шет елдерден тегін білім алып келген студенттері бүгінде оқытушылық құрамда қызмет атқарады. Оқу орнының мақтанышына айналған жастар ғылыми бірлестік құрып, білім деңгейінің жоғарылауына ат салысып жүр. Мәселен, техникалық мамандықтарды жылдам игеру мен  шет тілдерді үйренудің тиімді жолдарын ұсынды.

ЖАЙЫҚ СҰЛТАН, С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Кездесу барысында білім-ғылым саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер айтылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Ата-аналар атынан сөз алған зейнеткер Ибраһим Ермекбаев алғысын айтса, жастар жағы ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, алдағы уақытта әр оқу орны жанынан жас отан жастар қанаты филиалын ашу ұсынылды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған келелі кездесуде пікір білдірушілер қатары көп болды. Жастар диплом алып шыққан соң, танысың болмаса, жұмысқа орналасу оңай емес деген пікірлерін ашық айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесуді түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев университет басшылығының жұмысының нәтижелеріне оң бағасын берді.

 

Қосылды: 
20.01.2016 - 10:38
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 10:50

Жаңалықтар таспасы