Б. Сапарбаев Темір ауданы әкімінің есебі

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданының басшысы Бауыржан Қаниевтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Мұнайлы өңірді мұңайтатын мәселелермен жете таныс облыс әкімі бұған дейінгі сапарындағы тапсырмаларының қаншалықты орындалғандығын да білді. Ауданда мал басында өсім жоқ, мемлекеттік бағдарламалардың дені орындалмаған.

Шұбарқұдық ауылында облыс әкімі өзін тағатсыздана күткен тұрғындарды көріп, кездесуді кідіртпестен бастап кетті. Есептік кездесуде дәстүр бойынша алдымен аудан әкімі Бауыржан Қаниев бір жылғы жұмыстың қорытындысын баяндады. Елбасының жолдауын негізге алып, экономиканы бір шолып, агроөнеркәсіптік секторға жеткенде аудан басшысының сөзін облыс әкімі үзді. Себеп, мал басының аздығы, Алтын асық, Құлан, Сыбаға және Ырыс бағдарламаларының толық орындалмай қалғандығы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шағын және орта бизнестің дамуы мен бағаны тұрақтандыру, оның ішінде ерекше бақылаудағы азық-түліктің 33 түріне келгенде Бауыржан Қаниев тағы мүдірді. Өйткені, алдын ала жергілікті дүкендердегі бағаға барлау жасатқан облыс әкімінің қолындағы мәлімет пен аудан басшысының есебіндегі сандар сәйкес келмейді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аудан әкімі баяндамасының соңына таяу өңірдегі қылмстық ахуалға да жетті. Өңірде мал ұрлығы белең алған. Бір жылда осы сипаттағы 35 қылмыс ашылмай қалған. Аудан басшысы осы деректерді келтіре отырып, өрістегі малды қараусыз қалдыратынын жерлестеріне ескертті.

БАУЫРЖАН ҚАНИЕВ, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, бұзақылық, ұрлық пен зорлықтың және қалың қазақ қоныстанған аудандағы есірткіге қатысты қылмыстардың төркіні - тәрбиеге байланысты

Бауыржан Қаниевтің өзі де сөз естіді. Полиция бастығы ақталды, әкім датталды. Полиция ше сөйлейді ау, сосын Сапарбаев қамшыны басады Бауыржанға, тауып алыңдар

Жеке кәсібі бар, қорасындағы азын аулақ малын күнкөріс көзіне айналдырған тұрғындар облыс басшысы келгенге дейін Шұбарқұдық ауылының әкімі Әділет Қалмағамбетовтің есебін тыңдап, сұрақтарын қойып үлгерген еді. Ал облыс әкімінің қатысуымен өтіп жатқан жиында сұрақ-жауаптың сәті келгенде микрофонға алдымен ақсақалдар ұмтылды. Базарға жиі баратын Қуаныш Ағниязов есімді қария қасапшылардың ет шабатын орындарының таза емес деді.

ҚУАНЫШ АҒНИЯЗОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ (жаңғырыққа ит дәрет сындырады, құстар саңғырық тастайды)

Осы мәселеге байланысты ортаға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің басшысы жауап берді. Оның жеке кәсіпкерлікті тексеруге құқығы жоқ. Ал аудан әкімі Бауыржан Қаниев бұл мәселеге бұрыннан қанық екенін айтты.¤

ҚАЙРАТ  АЯПБЕРГЕН, АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ал, кесімді сөзді облыс әкімі айтты. Базардағы салақтықтың соңы індетке ұласуы мүмкін.

Ауылдықтар көглдір отынның қымбаттауы, Кеңқияқ мектебіндегі жалған дипломды ұстаздар туралы да ойларын ашық айтты. Сонымен қатар жергілікті наубайхананың қаңыраған ғимаратындағы жан-жануардың өлекселерінің зәрезап қылғандығын айтып налыды.

Облыс әкімі аудан басшысының есебін қортындылай келе, Бауыржан Қаниевке сын-ескертпелерін айтты. Тек сыртай бақылаумен шектелгендіктен, базардағы баға да жүгенсіз кеткен.

Темірліктердің де жақсы жаңалық еститін күні жақын. Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша Шұбарқұдықтағы су құбырларын жаңарту жұмыстары басталуы тиіс. Оған қазынадан жарты миллиард теңгеден аса қаржды бөлінуі керек. Жергілікті халық мұнай мен газ тәрізді қазба байлықтарға сеніп отырмай, жеке кәсіпке ұмтылуы тиіс. Облыс әкімі елде татулық пен бірліктің туы көтеріліп, жалқаулықтан арылған күнде ғана мамыражай тіршілік болатындығын қадап айтты.

Кездесу соңында облыс әкімі алдағы саяси науқандарға-мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға халықты белсене қатысу керектігін айтты.

 

Жаңалықтар таспасы