Б. Сапарбаев тігін шеберхана Азайа

You are here

Ақтөбелік тігіншілердің өнімі экспортқа шығаруға дайын. Қазір жергілікті серіктестік алыс-жақын шетелдермен келіссөздер жүргізуде. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы "Азайа" серіктестігінің тігін фабрикасының жұмысымен танысып, түгелдей қыз-келіншектерден құралған ұжымды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Кеңес одағының тұсында жер-жаһанға танылған тігін фабрикасының ізіндегі кәсіпорын қазір арнаулы киім, төсек жабдықтары мен қыз жасауын тігуге бейімделген. Фабрика өнімдеріне сұраныс жоғары: еліміздің батыс аймағындағы мұнайгаз компаниялары, бірнеше зауыттар тапсырыстан кенде қалдырған емес. Жылдың төрт мезгіліне сай, тігісі берік арнаулы киімдерге қазір еліміздің өзге өңірлерінен де қызығушылық жоғары. Қазақтың ұлттық оюларымен көмкерілген көрпе төсектер де көздің жауын алады. Облыс әкімі де бүгін фабрика өнімдерінің экспорт жолындағы жоспарларын білді, интернет дүкен ашатын ниеттерін құптады.

АЙНҰР БАҚТЫҒАЛИЕВА, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ұжымдағы белді тігіншілердің бірі Гүлжан Абдуллина мектеп қабырғасымен қош айтысқан бойда, тігін фабрикасына келген. Өндірістің даму, шарықтау және құлдырау жылдарында тапылжымай, басқа саладан орын іздеген жоқ. Гүлжанның тілегі қабыл болып, жеке қолған көшкен қазіргі фабрикада қолы өнімді тігіншілердің бірі атанды. Ұжымда негізінен зейнеткерлік жасына жақындаған тігіншілер жұмыс жасайды.

ГҮЛЖАН АБДУЛЛИНА, ТІГІНШІ

Облыс әкімі тігін фабрикасының әрбір цехын аралап көрді, тігіншілермен тілдесті. Сонымен қатар, тігіншілікті оқытатын жергілікті колледждердің бірінің осы жерде тәжірибеден өтетін студенттерінің жұмыстарымен танысты. Фабрика басшысы Айнұр Бақтығалиеваның айтуынша, кәсіпорынды аяғынан тұрғызу үшін қыруар қаржы жұмсалған. Тігінге қажетті шикізаттың, тауардың 85 пайызы - отандық өнімдер.  Ал сұраныс жоғары мезгілде бұл жердегі тігіншілердің жалақысы 100 мың теңгеге жуықтайды. Жұмыс орындары да көбейеді.

АЙНҰР БАҚТЫҒАЛИЕВА, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кездесу соңы ұжымды құттықтауға ұласып, әрбір тігіншіге, студенттерге облыс әкімінің өзі гүл шоқтарын ұсынды. Көктемнің ең жарқын мерекесі тігіншілер үшін осы жылы кездесу арқылы есте қалары анық.

 

Жаңалықтар таспасы