Б. Сапарбаев Түрік Индустриялық зона

You are here

"Эрдинч Селви групп" деп аталатын түрік компаниясы ақтөбелік нарыққа үлес қосуға ниетті. Түркиялық инвесторлар бүгін Ақтөбеде болып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірге инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Түрік ағайындар Ақтөбенің индустриялық аймағында жүзеге асатын бірқатар жобаларға қызығушылық танытып отыр.

Түрік кәсіпкерлері облыс әкімі Бердібек сапарбаевпен кездесу барысында Ақтөбенің инвестициялық климаты туралы пікірлерін білдірді. Оларға 5 жоба таныстырылды. Оның ішінде аграрлық-индустриялық аймақтағы жылыжай кешені, мал бордақылау алаңы, батыс технологиясы бойынша көкөніс сақтау қоймасы ,киім-кешек тігу фабрикасы сияқты жобалар бар. Түрік инвесторлары Ақтөбе облысы әкімдігі жағынан қолдау болса, бірнеше жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді. 

ЖИХАН АЛАБАДЖАК, «ОРДА АГРО KZ» БАС ӘРІПТЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді алғаш болып таныған түрік елінің қазақстандықтар үшін орны ерекше. Ұзақ жылғы достықты екі ел президенті күні бүгінге дейін жалғастырып келеді- деген облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, ел экономикасын дамыту үшін инвестицияны көбірек тарту қажет екеніне тоқталды. Және бұл үшін инвесторларға да барлық жағдай жасалған. Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі түрік инвесторларының ұсныстарын толық қолдайтынын айтты.

Қосылды: 
11.03.2016 - 10:35
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:23

Жаңалықтар таспасы