Б. Сапарбаев Түрік ком жедел медициналық Наджие Арпаджы

Бүгін Ақтөбе облысының әкімдігі мен түрік елінің өкілдері құнды меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің нәтижесінде медицинасы озық дамыған түрік бауырларымыз Ақтөбеде заманауи жедел медициналық жәрдем бекетін салуды биыл бастайды. Ал облыс әкімдігі өз тарапынан оларға жан жақты қолдау білдіретін болады. Жобаның жалпы құны бес жарым миллиард теңге.

Ақтөбедегі Жедел медициналық жәрдем бекетінің қазіргі ғимараты көне. Стандарттық талаптарға сай еместігі өз алдына, заманауи құрылғылармен де жабдықталуы сын көтермейді. Және бекеттіің автокөлік паркі де көптен бері жаңғыртуды қажет етіп келеді. Қазір бекетте 40 автокөлік бар. Олар тозған, жарамдылық мерзімдері 65 пайызға бағаланып отыр. Медициналық жедел жәрдем көлігі бір тәулікте 17 шақыртуға баруға мәжбүр. Дегенмен, биыл бұл жағынан ақтөбеліктерді жақсы жаңалық күтіп тұр. Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігі мен түрік компаниясы арасында жаңа медициналық жедел жәрдем бекетін салу туралы меморандумға қол қойылды. Маңызды рәсімге облыс әкімі бердібек Сапарбаев қатысты.

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ

Жаңа бекеттің құрылысына биылдың өзінде қарды бөліне бастайды. Алғашқы сома 3 млрд. тенге болады. Бұл қаражат бекеттің құрылысына ғана емес, оның жабдықталуына, бірыңғай диспечерлік орталықтың құрылуына және медицина мамандарын даярлауға жұмсалады. Сонымен қатар 15 реанимобиль және 30 жедел жәрдем көлігі алынады.

НАДЖИЕ АРПАДЖЫ, "HEMOGENS HEALTH CARE" ТҮРІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

қалған екі жарым миллиард теңге жолға қойылған жүйені жаңғыртып отыру үшін алдағы жылдарға жоспарланады.  Ең бірінші кезекте халықаралық стандарттарға сай  жұмыс істейтін ақпараттық орталық жаңғыртылады. Және де көлктер санын көбейтеміз.

Меморандумның қызығушылық туғызған бір тұсы - қатерлі ісік ауруымен ауратындарға арналған дәрі-дәрмектер шығаратын өндіріс орнын ашу және медициналық туризмді дамыту көзделген. Егер екі бағыт та жүзеге асса, онда ақтөбе еліміздің батыс өңіріндегі медицина кластері ерекше дамыған аймаққа айналады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Соңғы бес жылда Ақтөбеде 50-ге жуық жаңа ғимарат салынып, дәл осындай шамада медициналық мекемелер күрделі жөндеуден өткізілді. Мәселен, дәру оңалту орталығы, облыстық аурухана за анауи талапқа сай. Біздің емдеу орталықтарымызға келген шетелдік мамандар медицинамызға жоғары бағасын берді. Дегенмен ,кемшін тұстары да бар. көбіне тұрғындардың көңілі толмайтыны жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігінен қоңырау шалынған мекенждайларға дер кезінде жете алмауы. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіледі деген ойдамын.

Айта кету керек, бүгін өзінің ірі жоспарларын бөліскен түрік компаниясы бұрын осыған дейін араб әмірліктерінде осындай кешен салған. Ал қазақстанда бірінші болып ақтөбе қаласында салынатын болады.

 

Қосылды: 
14.01.2016 - 16:59
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 09:35