Б. Сапарбаев финдік консул Слиндроссты қабылдады

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Финляндияның ҚР құрметті консулы Сеппо Линдросспен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым қатынас туралы айтып, алдағы уақытта біздің аймақта бірқатар жобаларды жүзеге асыру туралы ойларын ортаға салды. Фин консулы Ақтөбе өңірінде электр энергиясын үнемдеу, жылу желілерін жаңарту, экологиялық қатты қалдықтарды өңдеу салаларында бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді. Облыс әкімі кез-келген ұсынысты жүзеге асыру үшін алдымен тиісті орындармен келісіп, кейін нақты істерді қолға алуға, жобаларды іске асыруға Ақтөбе облысы әкімдігі тарапынан қолдау болатынын мәлімдеді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұтастай алғанда, елімізде соның ішінде, Ақтөбе облысында да жылу желілерінің 70 пайызға жуығы ескі, тозығы жетіп тұр. Көгілдір отын бізде бар. Алайда, шағын қуат көздерін құруды қарастыруымыз керек. Бұл эколномиканың дамуына да септігін тигізеді. Бұдан бөлек, қатты қалдықтарды өңдеу мен ауыз су сапасын арттыру да біз үшін маңызды. Сондықтан да, сіздердің ұсыныстарыңыз өте орынды.  

Жаңалықтар таспасы