Б. Сапарбаев Шалқар ауданы әкімінің есебі

You are here

Шалқар ауданында өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі төмендеп кеткен. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ербол Данағұловтың есептік кездесуінде айтылды. Жиында тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және қоршаған ортаны жақсарту мәселелері талқыланды. Аудан басшысының есебіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты.

Шалқар ауданы облыстағы ауылшаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған өңірлердің бірі. Алайда, өткен жылдың қортындысы бойынша көрсеткіштердің төмен екені байқалды. Өнім өндіру алдынғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда кеміген. Бүгін тұрғындар алдында есеп берген аудан әкімі Ербол Данағұлов бұның себебін түсіндірді.

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Былтыр облыстағы ең үлкен аудан, 9 млрд теңгенің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірген. Аудан ет-сүтпен тұрғындарын толық қамтып отыр. Ал бау-бақша және көкөніс  түрлерінің басым бөлігі, еліміздің өзге өңірлерінен жеткізілуде. Бұл мәселені аудан әкімі алдағы уақытта суармалы жерлердің көлемін ұлғайту арқылы шешеміз дейді.  Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламалары толық орындалған, қомақты субсидия алып отырған шаруа қожалықтары да бар. Алайда, былтыр 80 тонна етті экспортқа шығару тапсырмасы тек 75 пайызға ғана орындалған.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданда денсаулық сақтау жүйесінде бірқатар кемшіліктер бар. Мәселен, өткен жылы жас нәрестелердің шетінеуі көбейген. Бір сөзбен айтқанда медициналық қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Бұл жөнінде тұрғындар әкімге қойған сұрақтарында нақты айтты. Ал тиісті ұйым қызметкерлері жауап берді.

ЖАНГЕЛДІ БАЛҚАЙЫРОВ, ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Тұрғындар дәрігерлердің адам денсаулығына немқұрайлы қарайтынын айтты. Соның салдарынан өткен жылы бірнеше адам көз жұмған. Бұл мәселе облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Ол сала қызметін тексеру керек деп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсырма беретінін айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұрғындар ауданның елді-мекендерінің әлеуетін дамытуға қатысты сұрақтарын қойды

МАНАС БИСЕНҚҰЛОВ, Е.КӨТІБАРҰЛЫ АТЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНЫ

ІЗБАЙ ТӨЛЕГЕН, ШАЛҚАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жұмыссыздық мәселесі де сөз болды. Алайда, Ербол Данағұлов "тұрғындардың көпшілігі шалғай ауылдарға, өндіріс орындарына барғысы жоқ, қалада мектеп пен балабақшаның айналасында ғана жұмыс істегісі келеді" - деп, оған біршама дәлелдер келтірді. Жиын барысында сөз сөйлеген облыс әкімі де қазір ең маңызды мәселе еңбек ету екенін айтып, қайда жұмыс болса, сонда бару керектігін нақты айтты. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев аудан басшылығы көңіл бөлуі тиіс бірқатар салаларды атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ауданның жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктің барын айтты. Соның ішінде, алыс-жақын шетелдермен байланысып жатқан теміржол желісін де  тиісті деңгейде пайдалану керек. Ал, суармалы жерлерді арттыру әсіресе, Шалқар көлін сақтап, қорғау үшін қазірдің өзінде ел Үкіметімен келіссөздер жүргенін жеткізді. Алдағы уақытта нақты істерге көшеміз деді. Алайда оған дейін шалқарлықтардың өздері де аңызға айналған көлдің айналасын таза ұстау, экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, өңірде әлеуметтік нысандар салу, жөндеу жұмыстарына сыртта жүрген жерлестерді «туған жерге тағзым акциясы» аясында тарту керек деді. 

Жаңалықтар таспасы