Б. Сапарбаев Экатон Батыс, Агран, Полиэтилен зауыты

You are here

Өңірдегі өндіріс кешендері жұмыс орындарын қысқартпай, өнім көлемін ұлғайтуы, еңбекақыны уақытылы төлеулері мііндетті. Бүгін Ақтөбедегі бірқатар зауыттарды аралап көрген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деп тапсырма берді. Өңір басшысы кәсіпорындардың жұмысымен, жаңа технологиямен және өндіріс кешендірінің жоспарларымен танысты.

Ақтөбе өнеркәсіптік аймағы өңірдің индустриялық орталығы. Мұнда орналасқан зауыттар шикізатты өңдеумен және дайын өнім шығарумен айналысады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барған кәсіпорындардың біріншісі "Экотон-Батыс" серіктестік- еліміздің батыс аймағындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Жылына 158,4 мың текше метр құрылыс материалдарын өндіреді. Мұнда өнім соңғы технологиямен жасалады. Зауыт көптеген мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысады. Өнімдері құрылыс саласындағы сұранысты өтеуде. Негізгі өнімнің 70 пайызға жуығы облысымыздың сұранысына ие. Ал қалған өнім Орал, Атырау, Ақтау қалаларына сатылып жатыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал облыс әкімінің назарына іліккен екінші зауыт - "Агран" серіктестігі. Бұл көпсалалы кәсіпорын. Мұнда жылуұстағыш әйнек пакеттер шығарылады.  Олар жоғары сәуле өткізгіштік қасиетке ие. Шикізат негізінен Ресейдің жақын өңірлерінен жеткізіледі. Зауыттың негізгі технологиялық қондырғылары әйнек кесу, әйнек пакеттері өндірісінің автоматты желілерінен және әйнекті пысыту пешінен тұрады. Шағын зауытты салуға 150 миллион теңге қаржы жұмсалған. Кәсіпорынның жылдық қуаты жылына 200 мың шаршы метр қуат үнемдегіш әйнек пакеттерін шығаруға мүмкіндік береді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондай-ақ Бердібек сапарбаев Ақтөбе полиэтилен тұрбалар зауытына да барды. Неміс технолгиясын қолдану арқылы бұл кәсіпорын жылына 12 мың тонна өнім шығарады. Полиэтилен тұрбалар су және газ құбырларын салуға қолданылады. Мұғалжар, Ойыл және Ырғыз аудандарына көгілдір отын құбырларын тарту кезінде осы зауыттың өнімдері пайдаланылған. Әлі де жергілікті өнім облыстың ірі жобаларын жүзеге асыруға бағытталады. Сондықтан, облыс басшысы кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жалпы, зауыттардың жұмысымен танысу кезінде өндіріс басшылығына Бердібек Сапарбаев жұмысшылардың әлеуметтік әлеуетін көтеру, еңбек өнімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

 

Жаңалықтар таспасы