Б. Сапарбаев ҚазақОйыл Актобе 3 жақты мем. қол қойылды

You are here

Ақтөбеде тағы бір ірі компания еңбек қатынасын реттеу және әлеуметтік кепілдендіруді сақтау туралы келісімге келді. Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігі мен облыстық кәсіподақтар орталығы және "Қазахойл-Ақтөбе" серіктестігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Құжат, компания жұмысшыларының алдағы уақытта мүддесін қорғайды. Атап айтқанда, жұмыс орындарын сақтау, еңбекақыларын уақытылы алу және өзге де тиісті төлемдермен қамтылуын қамтамассыз етеді. Бұл рәсімге қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, меморандумның маңыздылығын атап өтті.

Ақтөбе өңіріндегі ірі өндіріс ошақтарының, өнеркәсіп орындарының елеміз бойынша салмағы басым. Себебі, аймақтың ғана емес, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға қомақты үлес қосып отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

600-ге жуық адам еңбек ететін "Қазақойл-Ақтөбе" серіктестігі де жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуға мүдделі. Мұғалжар ауданындағы Әлібекмола және Қожасай көмірсутегі кен орнында қызмет ететін кәсіпорын былтыр, мұнай мен газды белгіленген жоспардан артық орындаған. Нәтижесінде, ұлттық қор мен республикалық және облыстық бюджетке түсірген салық көлемі де артты. Серіктестік бас директорының міндетін атқарушы Бекайдар Сыздықовтың айтуынша, жұмысшылардың орташа жалақысы 314 мың теңгені құрайды. Ол есеп барысында қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

БИСЕНБАЙ ЖАЛҒАСБАЕВ, "ҚАЗАҚОЙЛ-АҚТӨБЕ" ЖШС  ЖҰМЫСШЫСЫ

БЕКАЙДАР СЫЗДЫҚОВ, "ҚАЗАҚОЙЛ-АҚТӨБЕ" ЖШС  БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

ЫРЫСБЕК ҚАНАТОВ, "ҚАЗАҚОЙЛ-АҚТӨБЕ" ЖШС  ЖҰМЫСШЫСЫ

БЕКАЙДАР СЫЗДЫҚОВ "ҚАЗАҚОЙЛ-АҚТӨБЕ" ЖШС  БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Серіктестіктің жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндетін толық орындап отырғанын, кәсіпорын кәсіподағының басшысы да растады. Оның айтуынша, биылға қарастырылған қаржы көлемі де ауқымды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан компанияның бұл бағытта атқарып отырған қызметіне ризашылығын жасырмады және өнім өндіру көлемін арттыру қажет екенін айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында, облыс әкімдігі мен облыстық кәсіподақтар орталығы және серіктестігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Құжат, еңбек қатынасын реттеуді және әлеуметтік кепілдендіруді қамтамассыз етуді көздейді.

Қосылды: 
05.02.2016 - 11:17
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 12:30

Жаңалықтар таспасы