Б. Сапарбаев Қазақстандағы Үндістан елшісімен кездесті

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үндістанның қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайнмен кездесті. Елші Ақтөбеге  "Үндістанның жарқын бояулары" атты халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанатына келді. Облыс басшысы өңірдің экономикалық әлеуетіне тоқталды. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосуға дайынбыз деді.

Ақтөбе облысы өндіріс және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында зор мүмкіндіктерге  ие. Жерасты суларының бай қоры тамшылатып суару әдісі үшін қолайлы. Ал индустриялық аймақтың құрылысы инвестициялық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жол ашты. Одан өзге екіжақты байланысты нығайтуға қазақстанның батыс өңіріндегі қазба байлығы, су және минералды ресурстары мол өлкелердің бірі ретінде Ақтөбе облысы қаржы салуға ниетті инвесторлардың қызығушылығын туғызып отырғаны да әңгімеге арқау болды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Үндістан елшісі Әлеуметтік бағытта әріптестік орнату, оның ішінде білім, мәдениет, спорт салаларында үздік тәжірибелермен бөлісу тиімді екеніне тоқталды. Облыс әкіміне ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасқа оң ықпалы үшін алғысын білдірді.

ХАРШ КУМАР ДЖАЙН, ҮНДІСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанда төрт мәрте мемелкеттік сапармен болды. 2009 жылы екі ел арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды. Жалпы біздің елдеріміздің арасындағы байланыстың тарихи тамыры тереңде. Бұл достық бұдан әрі де жалғаса беретініне сенімдімін. Әсіресе, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері екі жақты байланыс нығайды.

Кездесуден кейін облыс әкімі бердібек сапарбаев пен Үндістанның қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында болып,  "Үндістанның жарқын бояулары" атты халықаралық байқауға қатысқан балаларды құттықтады. Бұл байқауға Ақтөбеден 75 жас суретшінің жұмысы жіберілген. Оның ішінен тоғыз оқушының салған суреттері қызығушылық туғызып, жүлделі орындарға лайық болды. Бұл мәдениет пен өнерде шекара жоқ екенін аңғартты.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Осы шараға арнап Достық үйінде қазақстанда өмір кешкен ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрін көрсететін көрме ұйымдастырылды. Оның ішінде Үндістан мәдениет мен асханасы да тыныстырылды. Үнді шайы, йога ілімі, үнді билері, Боливуд актерлері қазақтандық көрерменге таныс. Көрмеге келгендер Сари киген қыздың қолынан үнді дәсдеуіштері қосылған чапатиден ауыз тиді.

АСЫЛЗАТ ИСАБЕК, АҚТӨБЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Елшімен бірге облысқа Үндістан мәдени орталығының музыканттары мен бишілері келіп, ақтөбеліктерге өнер көрсетті. Ғажайып үнді билері, бұлбұл дауысты әншілерінің өнері, сиқырлы сыбызғы үні және йога элементтері  көрерменді бір сәтке тылсым Үндістан баурап алғандай әсер қалдырды.

Қосылды: 
09.11.2015 - 17:08
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 09:28

Жаңалықтар таспасы