Б. Сапарбаев Қазақ еліне тағзым Достық үйі

You are here

Бұл күнді ел халқымен бірге ақтөбеліктер де айшықтап атап өтті. Достық үйінде ұйымдастырылған ауқымды шарада облыс тұрғындарын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтады. "Қазақ еліне тағзым" деп аталған салтанатты іс-шараға  этно-мәдени орталықтардың өкілдері жиналып лебіздерін білдірді, жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Мерекелік салтанат Жаса Қазақстан әнімен ашылып, әдемі ырғақ, біркелкі қозғалыспен әспеттеліп, Достық үйінің алды думанға айналды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жастардың айтулы мерекеге қосқан үлесін көріп, ғимарат ішіндегі ұлттық-мәдени орталықтардың көрмесімен де танысты. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ еліне жер аударылған ұлыстардың қатарында болған әзірбайжандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен белгіленген мерекеге жоғары баға беріп отыр. Облыс әкіміне әзірбайжан диаспорасының кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін тарихи дүниелерін көрсеткен Шахбаз Жамалов қазақ халқының ақжарқын көңіліне риза екендіктерін білдірді.

ШАХБАЗ ЖАМАЛОВ, ӘЗІРБАЙЖАН ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ

Мәдени орталық өкілдерінің айтуынша, туған жеріндегі талас-тартыстарға, көршілерімен арадағы қақтығыстарға байланысты Қазақ жеріне бас сауғалап, пана іздеушілер жиырма бірінші ғасырда да бар. Ал, жергілікті жас буын өз болашақтарын тек қазақ елімен байланыстырады.

ЕЛШАТ ЖАФАРОВ, ӘЗІРБАЙЖАН ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ

Ресей патшаларынан бастау алып, Сталин дәуірінде үдей түскен ұлттар мен ұлыстарға жасалған қысымшылық, көпе-көрнеу жаланың құрбаны болған тұтас халық ата-бабаларының жерінен еріксіз қуылды. Қиыр шығыстағы кәрістер мен Қап тауларын жағалай қоныстанған ұлттар жаппай Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Сол тұста құшағын ашып, бір тілім нанын бөліп берген Қазақ халқына жүздеген ұлттың өкілдері шынайы алғысын әркез білдіруде. Ал, Елбасының ұсынысымен белгіленген мереке бұл сыйластықты айшықтай түсті. Мерекелік жиында сөз алған облыс әкімі Қазақ елінің тәуелсіздігі мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстардың біріккен жеңісі екенін айтты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде қазақтың бауырында өсіп-өнген ұлттардың өкілдері жетілді, кемелденді. Елбасының бастамасымен шаңырағын тіктеген Қазақстан халқы ассамбелясы - ұлттар татулығының үлгісі екендігін әлем мойындады. Бір мақсат, бір мүдде мен бір тілекті ту еткен мемлекеттің ең басты жетістігі Қазақ елінің тәуелсіздігі. Облыс әкімі ендігі міндет жастар тәрбиесі екендігін атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында этно-мәдени бірлестіктер өкілдері қазақ халқына алғыстарын жеткізді. Қазақстандағы корейлер мен шешен ұлтының өкілдері сахнаға көтеріліп, өз ұлттарының басына түскен тарихи қасірет туралы тебіреністі естеліктерін айтты. Мәселен, 1944 жылдың ақпан айында Қазақстанға күшпен жер аударылған шешен ұлтының өкілдері қазақ халқына бауыр басып, тілі мен дінін сыйлауды өскелең ұрпаққа үйретумен келеді.

ХАСАН САҒАЕВ, "ВАЙНАХ"  ШЕШЕН ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ

Қазақ халқының қамқорлығын ешқашан ұмытпаймыз. 1930-шы жылдардан кейінгі қиын-қыстау уақытта өздері аш-жалаңаш отырса да, көптеген ұлттың өкілдерін паналатып, қамқорлық жасаған қазақ халқына мәңгілік қарыздармыз. Тәуелсіз Қазақстанда халықтар ассамблеясын құрып, мәңгілік достықты, татулықты дәріптейтін Елбасының еңбегін ерекше бағалаймыз.¤

Ал концерттік бағдарлама бір шаңырақ астына біріккен елдің бірлігін көрсетті. Қазір елімізде тағдыр талайына Қазақстанда ұрпағын өрбітуді жазған 130-дан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан - азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет. Бүгін осындай мәдени-бұқаралық шаралар облысымыздың барлық аудандары мен түпкір-түпкірінде өтті.

 

Жаңалықтар таспасы