Б. Сапарбаев қаланың маңызды нысандарында болды

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қаланың маңызды нысандарын аралады. "Табыс" коммуналдық базарында болып, саудагерлердің жағдайымен және азық-түлік бағасымен танысты. Кейін, Ақтөбенің жылыту маусымына дайындық барысын білу мақсатында, бірқатар кәсіпорындар да болды. Шара барысында, облыс әкімі жауапты ұйцым басшыларына нақты тапсырмалар берді.

"Табыс" коммуналдық базарында болған облыс әкімі, мұнда сатылып жатқан азық-түліктерді көрді. Алдыфмен, жеміс-жидек пен көкөністер сатылып жатқан сауда қатарын аралап, бағаларын білді. Белгілі болғандай, бұл өнім түрлері тек Ақтөбеде ғана емес, еліміздің өзге де өңірлерінен жеткізілген. Соған сәйкес бағалары да әртүрлі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Облыс әкімі әрбір сауда орнында болып, саудагерлермен сөйлесті. Олардың жағдайын сұрап, мәселелерімен танысты. Ал, өнім бағасын сұрап, кәсіпкердің өзі еккен немесе сырттан әкелінген тауарлардың нақты ақысын білді.  Әрбір сауда қатарына аялдап, азық-түлік бағасын білген облыс әкімі, кейбір жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің екі бағасы барын білді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Азық-түлік бағасының тез құбылатыны ет өнімдерін сататын сөрелерді қарау кезінде де белгілі болды. Облыс әкімі Табыс коммуналдық базарында болған күні, мұнда бұған дейін белгіленген кестеге сай, Қарғалы, Темір және Ырғыз аудандары мен Ақтөбенің ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпорындар өз тауарларын сатып жатты. Ет, сүт, балық және ұн өнімдері, яғни, ең қажетті азық-түліктерді ұсынған сатушылармен тілдесіп, олардың орынды жалдау ақысында білді. Тіпті базар ішіндегі тазалыққа да назар аударды.

Бұдан кейін облыс әкімі, "Кегок" АҚ мен "Энергосистема" ЖШС-нің диспетчерлік пункттерінде болды. облыс тұрғындарын электр энергиясымен. қамтып отырған ұйымдар соңғы жылдары, энергия көзін тек отандық кәсіпорындардан алуға бет бұрған.

СЕРІКБАЙ РЫСКЕЛДІ, "КЕГОК" АҚ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қарзіргі күні бұл кәсіпорын, алдағы қыс мезгіліне дайындалып жатыр. электр желілері ағымдағы жөндеуден өткізілуде. дегенмен, әлі де 300 мгвт жетіспейді дейді мамандар. Сондай-ақ, жүздеген желілердің иесіз көрінеді. Облысм әкімі бұл мәселе дереу шешілу керектігін айтты. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл мәселені айтып келе жатқанымызға біраз жыл болды. Сондықтан ертек қолға алу қажет еді. Иесіз тұрған желілерді анықтап, жауапты адамдарға бекіту қажет.

Ақтөбе жылу электр орталығы да қысқа қызу дайындық үстінде. Биыл 6 бу және 5 турбиналық қазандықтарды жаңартқан кәсіпорын жылу беруден өзге, 700 гвт-қа дейін электр қуатында өндіруге қауқарлы. Кәсіпорын әзірге тариф бағасын өзгертпеуді ұйғарған. Жылыту маусымына "Трансэнерго" АҚ да дайындалуда. Бүгінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, келеді. 58 млн теңге шамасында борышкерлерден қызмет ақысын алуға кіріскен акционерлік қоғам қызметкерлері, қала тұрғындарына биыл да жылу уақытында берілетінін мәлімдеді. Қаланың маңызды нысандарын аралаған облыс әкімі Кірпішті елді-мекенінде салынып жатқан 3 қабатты тұрғын үй құрылысымен де танысты. 54 пәтерлі үй биыл жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.  

Электр қуатын таратушы отандық алып кәсіпорындардың бірі "Кегок" биыл қала сыртында салып жатқан электр орталығын аяқтамақ. Орталық негізінен ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарына қуат беретін болады. Яғни, осындағы индустриалдық аймаққа жеткілікті деңгейде қамтуға қауқарлы. Облыс әкімі мұдағы жұмыспен және мамандар құрамымен танысып, оң бағасын берді. 

Қосылды: 
21.09.2015 - 00:45
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 12:13

Жаңалықтар таспасы