Б. Сапарбаев қаланың тұрғын үй инфрақұрылымының жұмысымен танысты

Ал түстен кейін Бердібек Сапарбаев жаңа аудан "Нұр Ақтөбеде" жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қысқы жылыту маусымына дайындықты бағамдап, жаңа мектептің және көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болды. Сондай-ақ, облыс әкімі қаланы сумен қамту жүйесінің, орталық базардың жұмысын көрді. Бұл туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

Нұр Ақтөбе" шағын ауданына барған облыс басшысы бірден орталық жылыту қазандығының жұмысымен танысты. "Трансэнерго" акционерлік қоғамының иелегіндегі қазандық тұрғын үй массивін жылумен және ыссы сумен толық қамтиды. Коммуналдық мекеме қызметкерлерінің айтуынша, шағын ауданда жаңа үйлердің саны көбейген сайын қазандық жүйесінің қуаттылығы арта түседі.

АЙТПАЙ ДАУЫЛБАЕВ, "ТРАНСЭНЕРГО" АҚ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

"Нұр Ақтөбе" шағын ауданындағы мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа ауданда бой көтерген білім ордасы 1200 оқушыға шақталған. Өткен жылы тамыз айында басталған құрылысқа 1,5 миллиард теңге бөлінді. Өңір басшысына жауапты тұлғалар жаңа нысанның құрылысына қатысты баяндады.  Мектептің жалпы аумағы шамамен 4 гектар жерді алып жатыр. Спорттық және көркем гимнастикаға арналған үлкен залдары бар. Салынып жатқан мектепте болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: "Биылдан қалмай, құрылысты аяқтау керек", - деп тапсырма берді. 

Нұр Ақтөбе" шағын ауданында құрылысы өткен жылы басталып, биыл пәтерлері иелеріне тапсырылуы тиіс тұрғын үйлер де Бердібек Сапарбаевтың назарынан тыс қалмады. Облыс басшысы жұмысты сапалы әрі жедел жүргізіп, тұрғындардың қоныстануына жағдай жасау керек деп тапсырды. "Нұр Ақтөбе" тұрғын үйлер массивінің құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Шағын ауданның көлемі шамамен 250 мың тұрғынға есептелінген. Ал жоба бойынша құрылыс жұмыстары 15-20 жылға жоспарланды. Қазір екі шағын аудан қажетті инфрақұрылым желілерімен толық қамтылып отыр.       

Облыс әкімі жауапты тұлғаларды "Мердігерлерге талап қоя білу керек", - деп тұқыртты. - Мұндағы үйлер кеңес дәуіріндегідей біріне-бірі ұқсайды, ажырата алмайсың. Әр үйдің өзіндік ерекшелігі болғаны дұрыс" , -деп жаңа ауданның жобасына қатысты міндет жүктеді.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

фасады должны быть разные, президент уже это отмечал

 Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев "Ақбұлақ" акционерлік қоғамына қарасты нысандарда да болды. Өңір басшысына мамандар Жүргенов көшесінің бойындағы №1 насос станциясының жұмысы туралы баяндады. Бұл нысанның пайдалануға берілгеніне  алпыс жылдан астам уақыт өткен. Сондықтан көне ғимарат жабдықтарын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ол үшін 60 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімі Қарғалы су қоймасындағы су айдау станциясына да барды. Күн сайын осы жерден қала тұтынушыларына 30 текше метр су беріледі.

АМАНГЕЛДІ  БОРАНҚҰЛОВ, "АҚБҰЛАҚ" АҚ БАС ИНЖЕНЕРІ

Қаланың әлеуметтік нысандарымен танысу барысында өңір басшысы орталық базарда қызған жұмысты, сауда қатарларының тәртібін, тазалығын барып көріп, ескерту жасады.

Бердібек Сапарбаев сауда-саттық алаңында сатушылармен әңгімелесті. Әлеуметтік өнімдерге енетін негізгі азық-түліктің бағасы облыс әкімінің назарына ілікті. Базар маңындағы қоғамдық тамақтану орындарын көрген өңір басшысының санитарлық тазалыққа көңілі толмады.

Ал сыртта осы жердегі автобус аялдамасында қоғамдық көлік күткен жолаушылармен сөйлесті.

Жамбыл көшесінде қаланың жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Өңір басшысы жылу беру маусымы басталмас бұрын жөндеуден өткен  магистралдық құбырлардың жұмысын пысықтап алуды тапсырды.

Қосылды: 
21.09.2015 - 11:04
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:27