Б. Сапарбаев Қарақобда ,Үщқұдық

Ауылдың жайы мүшкіл. Ақтөбенің іргесіндегі Қарақобда ауылында оқушылар саманнан салынған ескі мектепте оқып жатыр. Ал Үшқұдықта саны көп, сапасы жоқ шаруа қожалықтарының жұмысы нәтижесіз. Алға ауданына қарасты екі ауылдың тұрғындары үшін көгілдір отын әзірге арман ғана. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылды.

Ақтөбеден 50 шақырым әрі ассаңыз мына бір шағын ауыл Қарақобда алдыңыздан шығады. Алға ауданына қарасты ауыл облыс орталығына іргелес орналасса да, жай-күйі мәз емес, мүшкіл десе де болады. Мұнда жарты ғасыр бұрын саманнан салынған мектеп әлі күнге пайдаланылып отыр. Төбесі құлағалы тұрған білім ошағында қазіргі күні 40 бала оқиды. Ал, мәдениет үйінің есігіне қара құлып ілінгелі көп болды. Едендерінің сыры кеткен. Осы ауылдың 15 жылдан бергі әкімі Серікбай Құрмансейітовтің жұмысын облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қатаң сынап, қазіргі Қарақобда соғыстан кейінгі жылдардағы кеңес ауылдарының келбетін еске түсіреді деп тұқыртты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Соңғы жылдары құрғақшылық салдарынан ауылда егін шаруашылығы тұралап қалған. Қазіргі уақытта ауылда 40 шаруа қожалығы тіркелген. Бірақ, олардың тұрғындарға еш пайдасы жоқ. Осы ретте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 31 мың гектар жер халықтың мүддесіне жарау керек деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қарақобда ауылдық округіне Құмсай, Ерназар ауылдары кіреді. Барлығы мыңға жуық адам тұрады. Ауылдық округте мыңнан аса ірі қара, 4 мыңнан астам қой-ешкі, 387 жылқы тіркелген. Шөбі шүйгін ауыл мал жайылымына жақсы. Малсыз ауылдың не мәнісі бар. Төрт түліктің көбейту үшін шабындық керек десті тұрғындар.

ҒАЛИЯ АМАНЖОЛОВА, ҚАРАҚОБДА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

СЕРІКБАЙ ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, ҚАРАҚОБДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Қарақобда ауылында қордаланған мәселелер жетіп артылады. Балабақшаның жоқтығы, жұмыссыздық мәселесі шешімін таппай келеді. Елдімекенде тіпті мал ұрлығы көбейген. Бірнеше жылдан бері полиция пункті жоқ. Облыс әкімі қарақобдалықтардың тұрмысына көңілі толмады. Серікбай Құрмансейітовке бұдан әрі нәтиже болмаса, жұмыстан кетесің деп ауыл тұрғындары алдында қадап айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, Үшқұдық ауылына барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев суармалы жерді дұрыс пайдалану қажеттігін тапсырды. Қазір мұнда 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 23 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 14-і қазіргі уақытта тұрақты жұмыс істеуде. Жиын барысында шағын кәсіпкен айналысқысы келетін тұрғындар да табылды.

ЖҰМАГҮЛ СЕЙФОЛЛАЕВА, ҮШҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

МЕЙРАМБЕК ЖАРМҰХАНОВ, ҮШҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Бүгінде үшқұдық ауылында бір сумен қамтамасыз ету станциясы тұрақты жұмыс істейді. Ал, тұрғындар алдағы уақытта көгілдір отын кіріп, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтсе деп тілейді. Елдімекен тұрғындары көп мәселе көтерген облыс әкіміне ризашылық білдірді.

ГҮЛНАЗИЯ МАСЖАНОВА, ҮШҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Үшқұдық ауылдық округіне барлығы 1 млн. теңге қаражат бөлінген. Айта кету керек, елдімекендерге жүктелер басты міндет - шаруашылықтарды ірілендіріп, тұрғындарды жұмыспен қамту. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ауыл әкімдеріне осылай деп тапсырма берді.

 

 

Қосылды: 
18.01.2016 - 10:09
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 10:43