Б. Сапарбаев қаржы институттарының басшыларымен кездесті

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банкінің басшысы Ләззат Ибрагимовамен, «Сбербанк» АҚ еншілес банкінің басшысы Александр Камаловпен пен «Даму» қорының басшысы Абай Сарқұловпен кездесті.

Кездесу барысында президенттің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, бизнесті қолдау және несиелеу, тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша тапсырмасы аясындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Ақтөбе облысындағы қаржы институттарының жұмысына жоғары баға берді. Бердібек Сапарбаев бүгінде өңірде ТҚЖБ-нің 74 мыңнан аса салымшысы барын және облыстың өсы көрсеткіш бойынша көшбасшылар қатарында екенін атап өтті.

«Мұның бәрі - банктің дұрыс жұмыс жасайтындығы, халықтың қызығушылығы мен төлем қабілеттілігі бар деген сөз. Бірақ, ең бастысы, мерзімі өткен қарыздар жоқ. Бұл – жақсы көрсеткіш»,-деп атап өтті облыс әкімі.

«Даму» қорының жұмысы туралы айтқан Б.Сапарбаев қордың соңғы екі жылда өңірдегі жалпы құны 48 млрд теңге болатын  900-ден аса субьектіні қаржыландырғанын атап өтті.

Өз кезегінде, меймандар өңірдің қолайлы инвестициялық жағдайы мен жоғары даму қарқынын атап өтіп, серіктестікті әрі қарай кеңейтуге қызығушылық танынатындарын білдірді.

Кездесуді қорытындылаған әңгімелесушілердің оң нәтижелерге қарамастан тұрғын үй құрылысы көлемін арттырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ынталандырудың бірлескен жұмыстарын жалғастыру қажет деген ойлары бір жерден шықты.  

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі