Б. Сапарбаев қаржы нарығын дамытуға арналған жиын өтті Данияр Ақышев

You are here

«Теңге тұрақты және қазақстандықтардың сеніміне ие. Әрі еліміздің қаржы нарығында алдағы күндері ешқандай күрт өзгеріс болмайды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің қатысуымен өткен өңірдің қаржы секторын дамытуға арналған жиында айтылды. Екінші деңгейлі банк филиалдары мен сақтандыру компаниялары және ақша айырбастау пункттерінің басшылары ақша-несие саясатына қатысты өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Өңірдің қаржы нарығын дамытуға бағытталған жиынды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, алдымен, аймақтың экономикалық көрсеткіштері туралы қысқаша айтып өтті. Облыс әкімінің мәлімдеуінше, әлемдік дағдарыстың біздің өңірде де салқыны сезілгенімен, қазіргі қарқын жаман емес. Жыл басынан бергі, екі айдың қортындысы бойынша тұрақтылық байқалады. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, аймақтың қаржы нарығында тұрақтылық барын да атап өтті. Облыстағы 20-дан астам екінші деңгейлі банктің филиалдары мен бөлімшелері, 20 сақтандыру компаниясы, 140-қа жуық ақша айырбастау пункттері сәтті жұмыс істеп келеді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, ақтөбелік қаржы институттарының табысты жұмысы олардың жарнамаларынан да көрініп тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, өңірдегі ірі жобаларға белсене қатысу керек екенін атап өтті. Өндірісті өңірдің өркендеуге бағытталған жоспарларының өзі, банктерге тек қолайлы жағдай жасайды деді. Оның айтуынша, елімізде қаржы нарығындағы жағдай қалыпты, ұлттық валютаға сенім артқан.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазір, теңгемен ақша сақтауды жөн көретін салымшылар көп. Бір кездері олардың 80 пайызы шетел валюталарын қолдаған еді. Әрине, қандай валютаны қаласа да қазақстандықтардың өз еркі және олардың депозиттері заңмен қорғалады. Дегенмен, бүгінде сыртқы фактор тұрақтанды. Мұнай бағасы да өсіп келеді. Сондықтан да, ақшаны теңгемен сақтап, көбейту өте тиімді. Сіздер осыны халық арасында кеңінен насихаттауларыңыз қажет. Тағы бір айта кететіні, соңғы уақытта: сайлаудан кейін валюта бағамы өседі деген қауесет бар. Бұл жалған ақпарат. Алдағы уақытта елдің қаржы нарығында ешқандай күрт өзгеріс болмайды.

Өз кезегінде, ақтөбелік қаржы ұйымдарының басшылары коммерциялық тұрғын үйлер құрылысына қатысқысы келетіндерін айтты. Бірақ, ол "бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында болса деген ұсыныстарын жеткізді. Данияр Ақышев "кесімді шешімді Үкімет қабылдайды, алайда мұндай тиімді жобаларды қолдауға әзірміз", - деп жауап берді.

 

Қосылды: 
16.03.2016 - 12:09
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 14:40

Жаңалықтар таспасы